- БЛАНКТІ ТОЛТЫРУ ҮЛГIСІ
- БАҒАЛЫ ҰСЫНЫС
- Бағдарламалар бойынша БЖИ бағыттаулардың және мамандандырулардың тізімдері
- Институтының директоры жөнінде дәйіктеме
- Правила повышения квалификации СМК 2022
Біліктілікті жоғарылату институты (БЖИ) Еңбек институты мен өнеркәсіп қауіпсіздігін және біліктілікті жоғарылату факультетін 2006 жылдың қырқүйекегінде қайта ұйымдастыру арқылы ашылды.
Біліктілікті жоғарылату институтының ісі заманауи нарықтық жағдайларда Республиканың экономикасын жетілдіруде инновациялық технологияларды игерудің қажеттілігімен және еңбек нарықтығында мамандардың кәсіпқойлық құзыр деңгейлеріне жоғарғы талаптардың қоюлуына байланысты білім саласындағы қызметкерлердің және өндіріс мамандарының білімдерін тереңдетуге, жаңғыртуға бағытталынған.
Осы күнге дейін БЖИ бизнес және өндіріс мамандары үшін білім беруге қызмет көрсетудің көлемдерін арттырумен қатар Университет кафедраларының профессор-оқытушылар құрамдары (ПОҚ) мен басқада жоғары оқу орындары тыңдаушыларының біліктіліктерін жоғарылату бойынша міндетті істерді атқаруда және мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін қолдану салаларын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде.
БЖИ мамандарды дайындау, қайтадан дайындау, қосымша білім беру және олардың біліктіліктерін жоғарылату кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша Университет кафедраларының мамандықтарына қатысты өңдеп шығарылған 200 астам тақырыптардың оқу жоспарлары, қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі (3 — қосымша).
Ұқсас оқу орталықтарымен салыстырғандағы БЖИ өзгешелігі өзінің білім беру істерінде ірі политехникалық ЖОО ретінде ҚарМТУ артықшылықтарын толығырақ қолдануға тырысады. Дәлірек айтқанда курсты жүргізуге жоғары біліктілікті техника ғылымдарының докторлары, кандидаттары және профессорлары (ПОҚ), сондай-ақ белгілі өндіріс мамандары және бизнесмендер қатысады. Тыңдаушыларды оқыту кезінде заманауи оқу-зертханалық базалары, инновациялық технологияларды пайдалана заманауи оқу әдістері, оқыту үдірістерінде оқу-әдістемелік әдебиеттері пайдаланылады.
БЖИ біліктілікті жоғарылату мен кәсіпқой қайтадан дайындаудың бағыттары еліміздің экономикасының салаларын қамтиды: энергетика, энергиямен қамту және телекоммуникация; тау-кен ісі; машина жасау; құрылыс; жол-көлік; экономика және менеджмент; әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар; менеджмент жүйесінің сапасы және т.б.
2006-2017 оқу жылдарында БЖИ 3000 астам тыңдаушылар және оқытушылар өздерінің біліктіліктерін жоғарылатты.
Оқу жоспарларында тыңдаушыларды көп деңгейлі оқытудың заманауи әдістерімен таныстыру, сондай-ақ оларды әртүрлі ғылыми, әдістемелік семинарларда және конференцияларда қатысу мүмкіндіктері және облыстың инновациялық технологияларының жетістіктеріне бейімдеу жұмыстары қарастырылған.
Тыңдаушыларды қабылдаудың шарттары
Тыңдаушыларды оқыту арыз бойынша білім беру қызметіне жасалынған келісімдерге қол қойылғаннан кейін төлем ақылының негізінде ұйымдастырылады (1 және 2 қосымшамалар). БЖИ тыңдаушыларының құрамына мамандарды қабылдау келісімнің жалпы сомасының төлемі түскен кезде жасалынады. Білім беруге қызмет көрсетудің мерзімі хатпен-хабарландырумен жарияланады. БЖИ курсын ойдағыдай өткен тыңдаушыларға белгіленген үлгімен дайындалған құжат – КУӘЛІК беріледі.
Кәсіпорындардан өтініш түскеннен және келісімдерге қол қойылғаннан кейін курсты жүргізетін және тыңдаушыларға сабақтарды ұйымдастыратын негізгі кафедралармен оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өңдеп шығару жұмыстары бірлесе орындалады. Көрсетілген оқудың түрлері ЖОО базасында немесе тапсырыс берушінің территориясында жүргізілуі мүмкін.
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙ:
100027, Қазақстан Республикасы,
Қарағанды, қ. Нұрсұлтан Назарбаев, 56
тел/факс: 8(7212) 56-54-43
№2 оқу корпусы, 531 кабинет
Директор: Қамаров Р.Қ. 8-705-446-01-28;
8—775-841—73—49
E-mail: ipk-kargtu@kstu.kz
Сайт: www.kstu.kz