Кафедра меңгерушісі


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ЕТ және БҚЕ) кафедрасының меңгерушісі

 

КОГАЙ ГАЛИНА ДАВЫДОВНА, техника ғылымдарыныңкандидаты, ҚарМТУ профессоры, Қазақстан ақпараттану Халқаралық Академиясының корреспондент-мүшесі.

17 наурыз 1940 жылы Қарағанды қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Қазақстан азаматшасы.

 

1963 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын (ҚарМУ) «Физика және жалпытехникалық пәндер» кваликациясын ала отырып бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды ғылыми-зерттеушілік көмір институтында (ҚҒЗКИ) есептеу техникасы институтында жұмыс істеген. 1967 жылдан Қарағанды политехникалық институтында (ҚарПТИ, қазіргі таңда ҚарМТУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, ҚарМТУ профессоры болып қызмет атқарған.

 

1979 жылы Рига политехникалық институтында, Рига қаласы келесі тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады: «Өндірістік бірлестік басқару құрылымында иммитациялық моделдеу бөлімшесінде зерттеу және оптимизация (ҚарағандыТауМаш бірлестілінің мысалы негізінде).

 

1979 жылдың 5 қарашасында техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі тағайындалды. 1982 жылдың 3 наурызында ақпараттық және есептеу техникасы кафедрасы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

 

2001 жылы 23 ақпанда ақпараттану Халқаралық Академиясының (АХА) корреспондент-мүшесі дипломы берілді.

 

2002 жылы 27 желтоқсанда ҚарМТУ профессоры атағы берілді, қазіргі уақытқа дейін ААЖ кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді, кафедра атауы ЕТ және БҚЕ деп ауыстырылған.

 

ЖОО-да жұмыс істеу кезінде келесі курстар бойынша дәрістік, практикалық және зертханалық сабақтар өткізген: «Ақпараттану», «Шешімдерді қабылдау теориясы», «Ақпараттанудың математикалық негіздері», «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика», «Статистикалық әдістер», «Оптимизацияның математикалық әдістері», «Сарапшылық жүйелер», «Бағдарламаларды әзірлеудің аспаптық құралдары», «Басқару және шешімдерді қабылдау теориясы».  6М070400 (6N0704) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратурада сабақ жүргізеді.

 

6D070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша докторантураның МЖМБС құрастыруға қатысты..

 

6М070400 (6N0704) «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы магистранттарына жетекшілік жасайды..

 

Бакалавриат және магистратура пәндері бойынша негізгі сабақтардан бөлек Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы КЖИ-да квалификацияны жоғарлату бойынша «Пайдалы қазбалар кен орындарын шығару кезінде деректерді тасымалдау және өңдеу ақпараттық жүйелері» пәні бойынша сабақтар жүргізеді.

 

162 басылған еңбегі және оқу-әдістемелік зерттемесі бар, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, электрондық оқулықтар, слайд-дәрістер, бейне-лекциялар, мультимедиялық презинтациялар.

 

Белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі үшін еңбек кітапшасына жазылған бірқатар алғыстарға ие, ғылыми-зерттеушілік жұмыста жоғары көрсеткіштері үшін және Ғылым күніне орай Құрмет грамотасымен марапатталған, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, «ҚарМТУ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖҰМЫСКЕРІ» атағы берілге.

 

2009 жылы облыс қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласқаны үшін Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Байланыс деректері

Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік Бульвары, 56, бас корпус, 300 кабинет

Жұмыс телефоны: 8(7212) 56-59-35 қосымша 2054

E-mail: g.kogay@kstu.kz

Ғылыми еңбектер

Без рубрики