Лазерлік геосканерлеу орталығы


«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы


Логотип ЦЛГ

2014 жылдың қыркүйек айында швейцариялық «Leica Geosystems» фирмасының қатысуымен «Лазерлік геосканерлеу орталығы» ашылды. Орталық  екі 3D сканермен (тау-кен және архитектуралық), сканерлеуші функциясы бар «NOVA» электронды тахеометрімен,  базалық станциялар мен көшпелі роверлерді қосатын әлемдік жерсерік жүйесімен,  дәлдігі жоғары сандық  нивелирмен және лазерлі рулеткамен жабдықталған.

Дәлдігі жоғары маркшейдерлік-геодезиялық құралдар түсірілім барысын және кен өндіруші өнеркәсіп пен құрылыс нысандарын жобалауды  айтарлықтай жылдамдатады.

Орталықтың жұмысына жоғары білікті ғылыми-зерттеу құрамы жұмылдырылған: 3 – техника ғылымдарының докторы,  профессорлар, 8 —  техника ғылымдарының кандидаты, доценттер және 1 PhD докторы. Орталық мамандары Астана қаласындағы «Хан Шатыр», «ҚР орталық кино-концерт залы» ғимараттарын 3D сканирлеу бойынша белгілі дәрежеде тәжірибеге ие. Түсірілім нәтижесі бойынша конструкцияның жобалау мәнінен барлық ауытқуларын көрсететін каркасты моделі жасалды.

Тау-кен өндіруші мекемелерінде ашық және жер асты тау-кен массивтерінің құрылымын зерттеу, массивтің кернеулі-деформацияланған күйін бағалау бойынша карьердегі бортық массивтердің тәжірибелері жасалған.

Зертеу келесі карьерлерде жасалған: «ССПГО» АҚ, «Жаремский ГОК» АҚ, «Novoцинк» ЖШС және «Корпорация Казахмыс» ЖШС.

«Лазерлік геосканерлеу орталығы»  келесі қызметтерді ұсынады:

— тәулік ішінде карьерлер мен қоймалардың маркшейдерлік түсірілімдерін жасау;

— вертикалды шахта діңгектері мен жер асты тау-кен өнімдерін бір қалыпқа келтіру;

— көтеруші кешені элементтерінің геометриялық параметрлерін тексеру;

— карьер борттарының беріктілігін бақылау және жағдайды геомеханикалық бағалау;

— салынып жатқан зәулім үймереттер мен ғимараттардың мониторингі;

— техногенді және инженерлі ғимараттарды бақылау;

— өндіріс алаңы мен құрылыс конструкцияларының қол жетімсіз жерлерінде технологиялық құралдармен сканирлеу жасау;

Біздің байланыстар:

Мекен-жайы: 100012, Қазақстан Республикасы, Қарағанды, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56/2

Екінші ғимараты, 1-ші қабат, кабинеті 117, 4-ші қабат, бөлме 415 кабинеті

Телефон: 8 (7212) 56-26-27

Электрондық пошта: mdig_kstu@mail.ru

Кентобе мансап жұмыс нәтижелері:

Без рубрики