Университет туралы

Соғыстан кейінгі елуінші жылдары Қазақстанның өндірістік күштерінің дамуына, көмір және басқа минералды-шикізат ресурстарына деген үлкен сұранысқа, қара және түсті металлургияның құрылысы және темір, мыс, басқа да поллиметалды рудалардың жаңа перспективалық кен орындарының ашылуына байланысты Орталық Қазақстан аймағында инженерлік кадрларды дайындау мәселесі өткір қойылды. 1953 жылы КСРО Министрлер Кеңесі тау-кен мамандықтары бойынша инженерлерді дайындаудың және Қарағандыда, Пермиде және Тулда тау-кен институттарының ашылуы әрі қарай кеңейді және жақсаруы туралы қаулы қабылдады. Осы қаулының және КСРО мәдениет Министрлігінің 1953 ж 9 шілдесінен № 1223 және 1953 ж 18 шілдесінен № 1272 бұйрықтары негізінде Қарағанды тау-кен институты ұйымдастырылды.