30 қазан күні ҚарМТУ-да Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арнайы ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.
Ел Президенті Қасымжомар Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумда Ұлытауды қазақ хандығы мен елдігінің бесігіне теңеп, қазақстандықтардың ерекше құрмет тұтатын тарихи кезеңіне балаған болатын.
Мәдени-тарихи мұралар мен тарихи ескерткіштер жөнінде жасалып жатқан жаңа зерттеулер төңірегінде сұқбат етіп, тәжірибе бөлісу үшін ҚарМТУ және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих ғылымының ұстаздары, студенттер, магистранттар мен докторанттар бас қосты.
ҚарМТУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Әсем Сағатова еліміздің территориясы Алтын Орда дәуіріне тән көптеген мәдени-тарихи ескерткіштерге толы екендігін айта келіп, Алтын Орда мәдениетінің даму эволюциясы Орта Азияда елдерінің арасында, әсіресе, біздің еліміздің тарихымен тұтасып жатыр,- деді.
Басқосу аясында 10 баяндама оқылды. Алтын Орда кезеңінің Қазақстан мәдениетіне тигізген әсері, оларды зерттеудің бүгінгі адамзат тарихындағы маңызы жайлы т.ғ.к., ҚарМТУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Машакар Сүлейменова әңгімелеп берді.
Алтын Орда ескерткіщтері мен даму тарихын зерттеу, шын мәнінде, Қазақстан тарихи мектебін бұл саладағы үздік тәжірибелермен байытпақ. Себебі бұл зерттеулерді көбісі ішкі деренкнамалардан, деректер мен тарихи ескерткіштерге толы. Бұл осы дәуір тарихын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдарға қарағанда, біздің ғылыми ортамызға көбірек мүмкіндіктер ұсынбақ. Алтын Орда дәуірін кешенді түрде зерттеу еліміздің гуманитарлық ғылымдарының сан-саласын жаңа деректермен, дәлелдермен толықтыра түсіп, әрі қарай дамытпақ. Осы бағытта мемлекеттік деңгейде тарихи ескерткіштер мен зерттеу орындарына экспедиция ұйымдастыру ісін қолға алып, бұл мақсатта тарихи кезеңдердің куәсі болған инфрақұрылымдарды қайта жаңғыртуға баса назар аударып отыр.