Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын алуға 2022 жылғы конкурс жариялайды.
Министрлік еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық береді.
1 сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 теңге) құрайды.
Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/452497?lang=ru.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер Министрліктің ақпараттық жүйесі https://scicontest2022.iac.kz арқылы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде электрондық форматта қабылданады.
Сыйлықты беруге үміткердің ғылыми жетістіктері мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады:
- Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәрежесінің болуы;
- Уәкілетті орган берген ғылыми атақтың болуы;
- таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау;
- таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (рецензияланатын журналдардағы мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиялардағы тараулар, патенттер және басқалар);
- таңдалған ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазған мақалаларының болуы;
- соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да бір немесе бірнеше пәндерді оқыту;
- философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау;
- өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
- ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және ықпалын арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Қосымша ақпарат үшін: dn-kstu@mail.ru бас корпус, 226 каб., 56-68-22.