Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Қ.М.Хамзина және кафедра оқытушылары Н.М. Әубәкіров пен Ғ.М. Әбілқасовтың ұйымдастыруымен «Жошы ұлысының іргесі қаланғанына — 800 жыл» толуына орай, даңқты қолбасшы, ержүрек батыр Жошы Шыңғысұлының өмірдерегі жөнінде мәдени іс-шара болып өтті. Мәдени іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа Ұлы дала елінің тарихын және ел намысын қорғауға атсалысқан даңқты батырлардың, хандардың өмірі мен ерлігін насихаттау.
Бұл іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Арх-24-1с, Арх-24-6, АиУ-24-3 топтарының студенттері, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшелері мен «Қазақ тілі және мәдениеті», «Жоғары математика» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Мәдени іс-шара барысында Арх-24-1с, Арх-24-6, Сиб-22-1, Арх-23-6 топтарының студенттері Сағитқызы Әмина, Нұргелді Назерке, Ахметова Толғанай, Мамедова Эмина, Махмет Дінназ, Аубакирова Ақерке «Даңқты қолбасшы Жошы», «Барлық қазақ хандарының атасы – Жошы хан», «Көне тарихи жазбалар» және т.б. тарихи тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. АиУ-24-3 тобының өнерлі студенті Ибраев Нұрқанат Құрманғазының күйі «Адай» мен қазақтың тарихи халық күйі «Ақсақ құланды» нақышына келтіріп орындады.