«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының 70 жылдығына арналған «Металлургия бойынша республикалық олимпиада» Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының базасында өтті.
Мақсаты — студенттердің мамандыққа, оқу процесіне қызығушылығын арттыру, бәсекеге қабілеттілікті ынталандыру және дайындық деңгейін тексеру.
Олимпиада қорытындысы бойынша техникалық ЖОО-ның «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы студенттерінің командасы Қарағанды индустриалды университетінің командасынан кейін командалық есепте 2-орынға ие болды.
Жоғары білім деңгейі үшін 4 курс студенті Думан Торғайев 3 орынға ие болып, тиісті дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.