«KZ TRANSIT» ЖШС нарықта 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның ең маңызды жетістіктері: Қазақстандағы резинотехникалық бұйымдар саласындағы №1 сарапшы, қазақстандық химия өнеркәсібі одағының толыққанды мүшесі, еліміздегі 3D басып шығару технологиясының сертификатталған жалғыз орталығы болып табылады. Компания өнім шығарудың барлық кезеңдерінде сапаның бақылануын қамтамасыз етеді.
Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында аддитивті технологиялар орталығын ашу мәселелері талқыланды.
Тараптар бірлескен жобалар құру және кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған қызметкерлерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастырды.
Кездесу соңында «KZ TRANSIT» ЖШС басшылығы ЖОО өкілдеріне экскурсия өткізді.