ЖОО ректоры Сауле Сагинтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы «Қазпромавтоматика» ЖШС техникалық директоры Дмитрий Лепеховпен кездесті


Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында жаңа, заманауи пәндерді немесе білім беру бағдарламаларын ашу, ғылым және өндіріс саласындағы зерттеулермен бірлесіп айналысу, ЖОО базасында оқушылар мен студенттер арасында Механотроника бойынша жарыстар өткізу мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, «Қазпромавтоматика» ЖШС жобаларына «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының бірлесіп қатысу мүмкіндігі туралы сұрақтар көтерілді.

Кездесу соңында «Қазпромавтоматика» компаниясының басшылығы ЖОО өкілдеріне экскурсия өткізді.

Без рубрики