ЖОО-ның 70 жылдығына орай Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ бас ғимаратының алдына 50 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды


Университеміздің мерейтойына орай осындай керемет сыйлықты «Имсталькон» ЖШС директоры Георгиади Иван Владимирович жасады.

Университеттің бас ғимаратының алдына 30 шырша мен 20 қарағай отырғызылды. Бұл университеттің орталық кампусының әдемі ландшафтын жақсартып қана қоймай, студенттердің, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің, қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйін көтереді, сонымен қатар қоршаған орта экологиясына да пайдалы әсер етеді.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері И.В. Георгиадиге шын жүректен алғыс білдіреді.

Без рубрики