ЖОО-ның 70 жылдығына арналған «Менің Университетім» студенттік фотобайқаудың қорытындысы шығарылды


Марапаттау рәсіміне қатысушылардың алдында сөз сөйлеген басқарма мүшесі-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Қ.Қалықов, жастар орталығының студенттері мен басшыларының фотоконкурс өткізу туралы идеясын қолдаған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректордың атынан оның аяқталуымен құттықтады. Сонымен қатар, ол байқауға қатысушылар фотоөнерге тікелей қатысы жоқ мамандықтар бойынша оқитынын ерекше атап өтті. Дегенмен, байқауға ұсынылған жұмыстар өз орындауларымен таң қалдырады және біздің студенттерде қоршаған өмірде сұлулықты көру және сезіну дарыны бар екенін айтады.

Одан кейін сөз алған ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың еңбек сіңірген ардагері, профессор Қ.Б.Қызыров атап өткендей, университет студенттері әрқашан белсенді өмірлік ұстанымдарымен ерекшеленіп, шығармашылық және спорттық жетістіктерімен таң қалдырады. Ал олардың атақ-даңқы туған университет пен республикадан тыс жерлерде мәлім. Ол студенттердің қазіргі ұрпағы өздерінен бұрын қалыптасқан дәстүрлерді жалғастырып, көбейтіп жатқанына қуанышты.

Конкурс пен қатысушылар туралы кәсіби фотограф, Қарағандының үздік 5 фотографының қатарына кіретін конкурстық комиссияның мүшесі, халықаралық конкурстардың лауреаты Марк Урнявичус жылы лебізін білдірді.  Техникалық мамандықтардың студенттеріне фототуындысы үшін құрмет көрсете отырып, ол оларға хобби болып табылатын істе сәттілік тіледі.

Фотокөрмеде студенттердің университеттің корпустарын, оқытушыларды, студенттерді бейнелейтін жұмыстар ұсынылды. Бет әлпет көрінісі, фотосуреттердің бұрыштары бәрін жаңадан таныс сияқты, жаңадан бастаған және талантты суретшілердің көзімен көруге мәжбүр етті. Өйткені бұл шынымен көркем фотосуреттер болды.

Конкурстық комиссия олардың ең жақсыларын таңдады. Авторлар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында Юлия Красюкова, Ажар Ақылбекова, Юлия Павлова, Ернұр Медет, Әлима Оралбекова, Әсем Советбай, Алан Рыбалкин, Исан Исмаилов бар.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және белсенді қатысқандары үшін баршаңызға алғыс айтамыз!

Без рубрики