ЖОО кейінгі білім


    1. 6М071600 – «Аспап жасау», 6М075000 — «Метрология» мамандығының магистранттары туралы

    Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6М071600 — «Аспап жасау» мамандығы  магистранттарға білім беру қызметі 2010 жылдың 3 ақпанында берілген  сериясы АБ № 0137352 және оған тіркелген қосымша 2010 жылдың 3 ақпанынан № 0106814 лицензия бойынша жүргізіледі. Мамандық бойынша дайындау 2005 жылы басталған.

    2016 жылдан бастап «Өлшеу техникасы және прибор жасау кафедрасы» 6М075000 «Метрология» мамандығы бойынша білім береді.

    Магистранттардың ғылыми жетекшілері: доцент, т.ғ.к. Есенбаев С.Х., т.ғ.к. Сергеев В.Я., педагогика ғылымдарының кандидаты кафедрасының меңгерушісі Айжамбаева С.Ж., т.ғ.к., аға оқытушы Искаков М.Б.

    Жылдар бойынша магистранттардың контингенті

    Көрсеткіштер 2013-2014 2014-2015 2015-2016 2016-2017 2018-2019
    Магистранттар контингенті, барлығы 13 12 15 15 16
    Олардың ішінде: Мемлекеттік грантпен оқитын  магистранттардың саны 12 12 15 15 15
    Мемлекеттік тілде оқитын  магистранттардың саны 4 8 9
    Ақылы түрде оқитын  магистранттардың саны 1 1 14 1
    Бірлескен бағдарламамен ТПУ оқитын магистранттардың саны 4 7 3 2

     

    Оқу процесін қамтамасыз ететін   «Аспап жасау», «Геофизика мен геология» кафедралары және «Базалық пәндер» циклының оқытушылары. Магистрантардың сабақтарын жүргізетін оқытушылардың жалпы саны 4 адам, олардың ішінде 4 ғылыми доктор, профессорлар. Ғылыми дәрежелік 100 % құрады.

    Профессор-оқытушылық құрам штаттық кесте бойынша 100% жасақталған.

    Ғылыми дәрежесі  және деңгейі бар штаттағы оқытушылардың орта жасы 48 жылды құрайды.

     

     

    6М071600-Аспап жасау мамандығының ҒЗ ТПУ бірлескен DD-бағдарламасымен оқитын магистранттар

     

    Магистранттың аты-жөні Бітірген жылы
    1 Насибулина Анастасия Иршатовна 2012
    2 Мельник Дарья Александровна 2012
    3 Оспанова Жулдыз Биржановна 2013
    4 Животов Евгений Сергеевич 2013
    5 Эйнберг Сергей Владимирович 2013
    6 Маметова Гулшат Ерниязкызы 2014
    7 Есимов Радомир Серикович 2014
    8 Сейтмуханова Альбина Сейдрахметкызы 2014
    9 Жунисбеков Берик Шабданбекулы 2015
    10 Нысанбаева Раушан Оразовна 2015
    11 Мырзабекова Акмоншак Мухаммеджановна 2015
    12 Мурзаханова Самал Жанатовна 2015
    13 Бражанова  Дана Корабаевна 2016
    14 Ералинова Гульмира Маратовна 2016
    15 Закирова Дина Курмангазыевна 2016
    16 Жакишева Тая Маратовна 2018
    17 Таупық Нұрсұлтан Нұрланұлы 2018

     

    1. Магистранттардың жеке жоспарлары

    Магистранттардың жеке жобалары диссертациялық жұмыстарының мазмұнына сәйкес болады. Жоспарлар бастапқыда кафедрада, кейін факультет кеңесінде, соңында Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілетін тақырыптар негізінде дайындалады. Екі жылдық бағдарлама бойынша оқитын магистранттардың жоспарлары 4 семестрге, ал профильдік магистратурада оқитын магистранттар үшін – үш семестрге жасалады.

    Жоспарлар мен магистрлік диссертациялар мазмұндары магистрлік диссертацияларға қойылатын нормативті талаптарға сәйкес келеді. Жоспарға келесі сұрақтар енгізіледі:

    — диссертациядағы шешілетін мәселенің жағдайына шолу жасау;

    — мәселенің өзектілігін бағалау;

    -диссертациялық жұмыстың мәселелерін алға қою;

    — мәселені шешу әдістері мен алгоритмдері, математикалық модельдері;

    — шешілген мәселелер бойынша нәтижелер мен қорытындылар.

    Магистранттың жеке жоспарына алдымен магистрант, кейін ғылыми жетекшісі қол қояды. Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.  Ректоратпен келісілген жақын және алыс шет елдерге баратын жұмыс сапарларын жобаға енгізуге болады.

    1. Магистранттардың оқу  сабақтарының кестесі, магистрлерді дайындау оқу жұмыс жоспары және бағдарламалары

    23.08.2012 ж. ҚР ОҒМ бекіткен 6М071600 «Аспап жасау» мамандығы бойынша 7.09.050-2012 ҚР МЖМБС бар. Кешенді (1,5 жыл) және ғылыми – педагогикалық (2жыл) типтік жоспарлар негізінде университеттің ғылыми кеңесі бекіткен оқу жұмыс бағдарламалары әзірленген.  Осыған сәйкес, профильді бағыт бойынша магистрант 48 кредитті меңгеріп және магистрлік диссертацияны қорғауы қажет. Оқытудың ғылыми  — педагогикалық  бағытта оқитын магистрант 59 кредитті меңгеріп, магистранттың ғылыми-зерттеу орындап,  магистрлік диссертацияны жазып қорғауы (7 кредит) қажет. Сонымен қатар, оқытудың профильді бағыты бойынша магистрант өндірістік практикадан (4 кредит) өтуі керек. Тәжірибелік — зерттеу жұмысы (4 кредит) орындалуы тиіс. Ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып жатқан магистранттар бірінші семестрде 3 кредиттан құралған педагогикалық практикадан және екінші семестрде 3 кредиттан құралған зерттеу практикасынан өтуі қажет. Оқыту оқу процессінің графигі және кестесі бойынша  жүргізіледі. Оқытудың барлық түрлері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары Корпоративті Университет мүшелерімен элективті пәндер тізімінің  бөлігінде,  ҚарМТУ ректоратымен және  оқу кеңесінің шешімімен  екі дипломды  білім бағдарламасы бойынша серіктестіктермен бекітілген. Міндетті пәндер бойынша БзП және БП  циклында магистрлерді дайындау ҚР МЖМБС және типтік бағдарламалар бойынша сәйкес әзірленген. 6М071600 «Аспап жасау», 6М075000 «Метрология» мамандығының  түлектері оқу жоспарының негізгі пәндері бойынша мемлекеттік емтихандарды кешенді  емтихан түрінде тапсырады.

    6М071600 «Аспап жасау», 6М075000 «Метрология» мамандығының магистранттары терең кәсіби білім алып, кәсіби терминалогияны меңгеріп, сандық техника және өндірістік контроллерлер, өлшеу теориясы, метрология, ғылыми зерттеудің заманауи әдістеріне аймағында жақсы дайындалған. Ғылыми-зерттеу  жұмыстарын орындау кезінде магистранттар виртуалды бағдарламалық–тәжірибелік әзірлеу  және зертханалық-тәжірибелік кешенді әзірлеуде  белсенді қатынасады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша  оқитын кафедра мамандығының барлық магистранттары шет елдерде стажировкадан өтеді.

    Есеп  кезеңінде стажировканы өткен:

    — 2013-2014 оқу жылында 4 магистрант ҒЗ ТПУ (Томск, Ресей);

    — 2014-2015 оқу жылында 7 магистрант Чех Аграрлы Университеті  (Прага, Чехия);

    — 2015-2016 оқу жылында 6 магистрант Ұлы Петр атындағы СПбПУ  (Санкт-Петербург, Ресей);

    — 2015-2016 оқу жылында 3 магистрант  Loraine ұлттық университетінің Мина Нэнси мектебінің филиалы (Франция, Нэнси).

    -2016-2017 оқу жылында Информатика институты, «Ақпараттық технологияларды өлшеу» кафедрасы, СПбПУ 5 магистрант (Вильнюс, Литва)

    -2016-2017 оқу жылында Петр Георгиевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде 2 магистрант (Санкт-Петербург, Ресей);

    Қазіргі уақытта кафедрада магистратураның түлегі Түскенова Д.Ө. жұмыс істейді.

Без рубрики