«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 01 қарашадан 10 қарашаға дейін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының ЖОО ішіндегі кезеңін өткізеді .

Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар ЖЖОКБҰ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттық оқытушылар) қатыса алады.

Байқаудың мақсаты ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі — ОПҚ) кәсіби-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына мотивациясын арттыру арқылы ОПҚ ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы https://universitycontest2023.iac.kz/    штаттық оқытушылар қатарынан кандидаттар деректерді толтырады және құжаттарды ұсынады.

Конкурс туралы толығырақ ақпаратты телефон арқылы алуға болады:

56-71-72, ішкі. 1000

Пошта: a.shakhatova@kstu.kz

Бас. корпус, каб. 248.

Стратегиялық жоспарлау және коммуникациялар департаментінің директоры

Шахатова Алия Талгатовна

Ережелер  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506

Без рубрики