Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


2024 жылғы 29 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі Проректорының у.м.а. А.К. Ракишевтің төрағалық етуімен, төрағаның орынбасары т.ғ.д., профессор А.З. Исагулов және конкурстық комиссия мүшелері О.М. Жаркевич, Б.Д. Сулеев, Р.Қ. Азилхановпен жас ғалымдарға арналған грантқа ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

Байқаудың мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және ғылыми әлеуетін дамыту болды.

Конкурстық комиссия 12 жобаны тыңдады. Ұсынылған құжаттарды бағалау «Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантын» ғылыми жобалар конкурсын өткізу» туралы Ереженің 7.1. т. негізінде жүзеге асырылды. Ұсынылған құжаттарды талдау және үміткерлерді тыңдау нәтижелері негізінде бағалау жүргізілді және нәтижелері анықталды.

Байқаудың жеңімпаздары:

Сүндет Гамзат Ернатұлы – ЭАТФ, т.ғ.м., «Өндірістік үдерістің автоматтандыру» кафедрасының оқытушысы;

Сакенова Самал Жанатовна – ЭАТФ, т.ғ.м., «Технологиялар және байланыс жүйелері» кафедрасының аға оқытушысы;

Берг Александра Сергеевна – МФ, PhD, «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының ассистенті;

Алина Арайлым Алтынбековна – МФ, PhD, «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушысы;

Жалдыбаева Айнур Жакыпбаевна – ЖКФ, п.ғ.м., «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы;

Оспанов Бектас Секербекович – ЭАТФ, т.ғ.м., «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушысы;

Тастенова Фатима Нуржанкызы – ИТФ, п.ғ.м., «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы.

Қатысушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға Грант ұтып алуларыңызбен құттықтаймыз!

Без рубрики