Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


8-18 сәуір аралығында университеттің спорт кешенінде факультетаралық 63-ші Спартакиада аясында волейболдан жарыс өтті.

Студенттер арасындағы спорттық жарыстар әрқашан өте танымал болып келеді. Волейболдан өткен биылғы турнирде де онша ерекшелік болған жоқ. Жарыс қорытындысы бойынша Тау-кен факультетінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Инновациялық технологиялар және Көлік-жол факультеттері бөлісті.

Жарысқа белсенді қатысқаны үшін барша спортшыларға алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Без рубрики