Жастар саясаты департаменті
Қарағанды техникалық университеті жатақханаларының студенттік кеңестері жатақханаларда тұратын студенттердің өзін-өзі басқару органдары болып табылады.
Студенттік кеңес өз қызметінде университет Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, жатақханалардың Студенттік кеңестері туралы Ережені басшылыққа алады.
Студенттік кеңестер қызметінің мақсаты университет әкімшілігімен бірге өмір сүру жағдайларын, тәрбие, оқу, мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Жатақханалардың студенттік кеңестерінің қызметін бақылауды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, жастар саясаты департаменті және жатақхана әкімшілері жүзеге асырады.
Жатақханалардың студенттік кеңестерінің қызметіне жатақханаларда тұратын және студенттік кеңестерге сайланған студенттер қатысуға құқылы.
Студенттік кеңестер «Армандастар Ордасы», «Студенттер үйі» жатақханаларында және №3 жатақханада жұмыс істейді.
«Армандастар Ордасы» студенттер кеңесінің төрағасы С-21-3 тобының студенті Сәкен Аяжан сайланды.
«Студенттер үйі» жатақхана кеңесінің тюрағасы болып ЦАФ-21-2 тобының студенті Жақия Алтынай сайланды.
№3 жатақханасының студенттік кеңесінің төрағасы болып СИБ-21-3 тобының студенті Нуржигитова Эльдана сайланды.