ЭАТФ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махамбетов О. К., кафедраның аға оқытушысы Бокижанов Г.И-М. және ЭЭ-22-1 тобының студенттері қатысты.
Шараның басты мақсаты: Қазақстанда жастарды қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, жастарды қолдау шараларын жетілдіруді қарастыру.
Дөңгелек үстелді топ кураторы Магауин Б.К., бастады: Атап айтқанда, жастардың баспана мәселесінің шешілуіне мониторинг жасау, оларды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жас ғалымдар мен стартап-жобаларды қолдау, «Қолжетімді спорт» жобасын жүзеге асыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарланған. Кешенді жоспар 10 бағыттан 55 тармақтан тұрады. Сондай-ақ Мемлекеттік жастар саясаты жүйесінің әдіснамалық базасын қамтамасыз ету және оны жастардың өзекті сұраныстары мен мүддесіне әрі қарай бейімдеу мақсатында «Қазақстан жастары – 2020» Ұлттық баяндамасы әзірленді.
ЭЭ-22-1 тобының студенттері іс шараға белсене қатысты. Студенттер шара барысында өздеріне берілген тапсырмалар мен баяндамаларын оқыды. Және презентациялар арқылы жастарды қолдауға қатысты заңдарға тоқталды. Сол сияқты видео роликтер көрсетілді.
Шара барысында АЭТФ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махамбетов О. К., сөз сөйлеп студенттерді жастарды қолдау саясатын пайдаланып, студенттерге осының шешу жолдарын түсіндірді.