Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ғылыми зерттеулермен айналысатын жас оқытушылар саны өсуде. 2022 жылдың 27 мамырында «Шетел тілдері» кафедрасында (кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Джантасова Д.Д.) БҒССҚК ғылыми журналдарында зерттеу нәтижелерін жариялау ерекшеліктері қарастырылған семинар өткізілді.
Семинар барысында өздерінің ғылыми қызметінің нәтижелерін жариялау кезінде жас зерттеушілер тап болуы мүмкін өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды. Тыңдаушылардың назарына БҒССҚК журналдарына қабылданатын мақалалар құрылымындағы өзгерістерді, сонымен қатар мақала тақырыбын қалыптастыру, аннотация жазу, кіріспе мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу ерекшеліктерін ұсынды.
Жас зерттеушілер БҒССҚК журналдарында жарияланған мақалаларға қойылатын жаңа талаптармен танысқаннан кейін семинардың практикалық бөлімі өткізілді. Мақала жазу кезінде алынған дағдылар жас оқытушылардың әрі қарайғы кәсіби қызметінде пайдалы болары сөзсіз.