Жарыс- «Еуропаға сезім білдіру»


EUNIC Алматы TurkishAirlines компаниясының қолдауымен Еуропалық тілдер күніне арналған «Еуропаға сезім білдіру» жарысын жариялайды.

Сіз Еуропаның бір қаласына, мүмкін бір еліне махаббатыңызды білдіргіңіз келеді ме?

Оны өлеңмен білдіріңіз!

Жарысқа қатысу үшін не қажет:
— қазақ немесе орыс тілінде өлең жазыңыз. Өлең көлемі 12 жоодан кем емес,  бірақ 30 жолдан артық болмауы керек;
—  Өлеңіңізді мына адресске жіберіңіз: eunic.almaty@gmail.com. Өзіңіздің толық аты- жөніңізді, толық пошта және электрондық поштаңызды, үйіңіздің және ұялы телефоныңыздың нөмірін жазып жіберіңіз;

— Сіз жарысқа қатыса отырып, Сіздің жұмысыңызды жариялау және  қолдану құқығын бересіз, сонымен қатар, Сіздің есіміңізді EUNIC сайтында, және де, барлық EUNIC қатысушыларының сайттары мен әлеуметтік желілердегі топтарында атауға келісім бересіз.

Жарысқа Қазақстанда тұратын, 18 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады.

Жұмыстарды берудің соңғы мерзімі- 2014 ж. 29 қыркүйек

 

Жеңімпаз Еуропалық тілдер күнінде, 4 немесе 5 қазан 2014ж. жарияланады.

Нақты өту күні мен орыны кейінірек хабарланады.

Гран-при: Стамбулға Түрік әуе жолдарымен ұсынылатын екі билет.

Жарыс әділ-қазылары мына ұйымдардың өкілдері: Alliance Française Almaty, British Council, Goethe-Institut Almaty, Алматыдағы Швейцария Консулдығы.

Бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі:

-Мазмұндылығы;

-Тақырыпқа сәйкестігі;

-Шығармашылық  тәсілі.

Сіздерге сәттілік тілейміз және белсенді  түрде қатысуларыңызды күтеміз!

Сұрақтар бойынша Динара Сериковаға eunic.almaty@gmail.com немесе + 727 244 41 44, ішкі  303 нөмірлері бойынша хабарласыңыздар, сонымен қатар Халықаралық байланыс бөліміне, 309а б., Бас оқу ғимараты.

 

Без рубрики