2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО Бас конференциясының XIV сессиясының шешімі бойынша Халықаралық сауаттылық күніне арналған «жаппай диктант» конкурсын өткізеді.
Ұйымдастырушылар: орыс тілі және мәдениеті кафедрасы меңгерушісі Б.Р. Оспанова, жауапты оқытушылар А. В. Тен, К. П. Цой.
Қатысу нысаны – бетпе-бет.
Іс-шараның мақсатты аудиториясы: 1-3 курс студенттері.
Қамтылуы: 100 адам.
Іс-шаралар мақсаты:
- көптілді білім беруді жүзеге асыру;
- студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және сақтау,
- студенттердің орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру.
Халықаралық сауаттылық күніне арналған «жаппай диктант» байқауы мемлекеттік тілде оқыйтын 1-3 курс студенттері арасында өтеді. «Жаппай диктант» байқауы сауаттылық мәселелеріне назар аударуға және студенттердің сауатты жазу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы мәдениет бағдарларды өзгертіп, сауатты жазудың, жақсы оқылуы мен дағдысы екінші кезекке ауысып, жас ұрпақ үшін өзекті болмағандығына әкелді, сондықтан бұл іс-шара тілге деген қызығушылықты арттыруға және сауатты жазуды дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ студенттерді сауатты болудың әрбір адам үшін маңызды екендігіне сендіруге көмектеседі.
Іс-шара үйлестірушілері:
- Тен А.
- Байланыс телефоны: +7701-369-5940
- Эл. пошта: acsanaten@mail.ru
- Цой К. П.
- Байланыс телефоны: +7701-6-252-888
- Эл. пошта: lyublyu.russkiy@mail.ru