Жайдарман – қазіргі таңда ауқымды аудиторияны қамтыған, ең ірі жастар қозғалыстарының бірі. Жайдарлы жайдарманшылардың ұлттық болмысын қалыптастырып, ел игілігіне қызмет ететін тәлімді тәрбие беру үлкен міндет. Жаңа маусым – тәжірибелі командалардың біліктілігін шыңдауға, жас таланттардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер берері сөзсіз.
Ағымдағы жылдың 11-12 желтоқсанында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Қарағанды қаласы маусымның алғашқы 1/8 іріктеу сайыстары өтті. Іріктеу сайыстары аясында Қазақстанның спорттағы жетістіктерін насихаттау мақсатында «Жеңіс тұғырында…» атты КУБОК сарапқа салынды. «Спорт – ел мәртебесі!» атты жайдарман фестивалінің бірінші айналымына қатысқан топтар тізімі:
- «Naz boys» (Балқаш қ.)
- «Жас қыран» (Саран қ.)
- «Нағыз достар» (Сұрыптау бекеті)
- «Тіфә-тіфә» (Қарағанды гумманитарлық колледжі)
- «Авангард» (Балқаш қ.)
- «Достар» (Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ)
- «Керемет» (Абай атынд. Саран гумманитарлы-техникалық колледжі)
- «Жезқазған жастары» (Жезқазған қ.)
- «Жар-жар» (Қарағанды Экономикалық Университеті)
- «Құрдастар» (Қарағанды политехникалық колледжі)
- «Күлкі синдромы» (Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті)
- «Болашақ LUXE» (Қарағанды «Болашақ» университеті)
- «Жаңаарқа құрамасы» (Жаңаарқа ауд.)
- «Ойнап айтам» (Сәтпаев қ.)
- «ЖасSTAR» (Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті)
Зал өнер сүйер қауымға лық толы. Жайдарманшылардың ойынын тамашалауға, әрі әділ баға беруге келген әділ-қазылар алқасы Қазақстан Республикасының белгілі жаттықтырушылары, қазақ күресінің палуандары, спорт қайраткерлері болды.
Іріктеу сайысы жоғары дәрежеде өтті. Алайда, кез келген үлкен додада өзінің жеңімпаздары болады. Сонымен, қола жүлде, ІІІ орын халық жүрегін керемет әзілдерімен тәнті еткен «Жар-жар» тобына бұйырса, ІІ орын, яғни, күміс жүлде ҚарМУдың «Достар» жайдарман тобының қанжығасында кетті. Ал, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің мақтаныштары, талай азулы жайдарманшылардың арасынан топ жарып, алдыңғы қатарда көрінетін «ЖасSTAR» жайдарман тобы І орынға қанағат тұтты.
Бас жүлдені Жаңаарқадан келген «Жаңаарқа құрамасының» талантты жастары алды. Ойын қызығы әлі де жалғасады.
Назардан тыс қалмайық, жайдарлы жастар!