Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана –мәдениетті ұлт» жобасы аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Студенттер үйі» жатақханасында студенттермен «Жақсылыққа жетелейтін жандар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлін арттыру.
Модераторы: ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, «Формула» өлеңдер жинағының авторы, Кеншілер мәдениет сарайы басшысының Шығармашылық жөніндегі орынбасары, қоғам қайраткері – Орынбаева Эльмира Сайлауқызы. Отырыс қатысушылары: Жүнісова Тишкен Раевна –психолог, Сембек Алтынай Қожабекқызы «Новое Телевидение» телеарнасының және «Жаңа ҒМ» радиосының жүргізуші-редакторы «Қазақ Аналары — Дәстүрге жол» РҚБ мүшесі.