студенттерге ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізуін қамтамасыз ету;
ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, органикалық заттардың химиялық технологиялары саласындағы кандидаттық, докторлық диссертацияларды дайындауға жәрдемдесу;
жаңа білім мен технологияларды тарату;
студенттерді, магистранттарды, жас ғалымдарды ҒЗТКЖ-ға тарту;
отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
жоғары технологиялар секторына инвестицияларды тарту мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;