Жаңа білім беру бағдарламалары бойынша


Өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қажеттіліктеріне сәйкес «Кәсіпорынның экономикасы және менеджменті» кафедрасы бакалавриат пен магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларын әзірледі: «Өнеркәсіп экономикасы», «Өнеркәсіптегі есеп және аудит» және «Бағалау (салалар бойынша)».

Кафедра жоғары оқу орны базасында жұмыс істейтін «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен тығыз байланыста, онда студенттер кәсіби практикадан өтеді, заманауи технологияларды зерделейді, сондай-ақ өндірістің ғылыми-техникалық проблемаларын шешу бойынша дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғайды.

Кафедра ұжымы оқу процесін жетілдіруге, оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін пайдалануға, студенттердің өзіндік жұмысына, дуальды оқыту элементтерін іске асыруға ерекше көңіл бөледі, жаңа технологияларды енгізудің экономикалық тиімділігі, тау-кен өнеркәсібі және машина жасау саласындағы инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі мәселелері бойынша өңір кәсіпорындарының жетекші мамандарымен бірлесіп ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады.

Әлемдік экономиканың жаһандануы және өнімдерді, тауарлар мен қызметтерді өткізу нарығында мемлекеттер арасындағы бәсекелестіктің өсуі дәуірінде терең білімі мен экономикалық дайындығы бар мамандарға деген қажеттілік артып келеді. Бұл міндетті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті дараландыру және оқытуға икемді тәсілдеме, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру шеңберінде әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және университеттерімен, Қазақстанның негізгі кәсіпорындарымен ынтымақтастық есебінен табысты шешеді.

Без рубрики