«Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру»


Кураторлық сағаттың мақсаты:

Тәрбиелік: Өз Отанының патриоты, білімге құштар және рухани — адамгершілік қасиеттері бар еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыруға тәрбиелеу.

Білімділік: 1 — наурыз — алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Студенттер ата — анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім — тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез — келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салып, сол туралы ой — өрісін кеңейтіп білімін тереңдету.

Дамыту: Студенттердің этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым — қатынас жасау біліктілігін дамыту.

 Кураторлық сағаттың міндеті:

  1. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
  2. Үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
  3. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Пайдаланған құрал-жабдықтар: Үлестірмелі материал, компьютер, тақырып бойынша слайд-презентация, тақырып бойынша видео-слайд, тарату материалдары, эмблема.

Шеберлік сабақ «1-наурыз алғыс айту күні», яғни ризашылық күнге арналды. Тақырыпты студенттер слай-презентациямен ашып көрсетті. Сабақ барысын екі жүргізуші әдеби сөздерімен анаға , ұстазға арналған өлен жолдарымен жүргізіп шықты. Студенттер үш топқа бөлініп яғни «Алғыс», «Ризашылық», «Ұландар» өздеріне берген тапсырмаларын орындап алғыс айту күніне байланысты тарихи деректерді, ресми деректерді, макал -мәтелдерді айтып өтті. Сонымен қатар қайырымдылық іске байланысты өздерінің «Көп балалы отбасына» көмектескендерін видео- роликпен көрсетті.

Шеберлік сабақ барасында «Анаға алғыс» гитарамен өлен болды, ризашылық туралы өлен жолдары оқылды, косымша слайд мәліметтер болды. Студенттердін аналарына қоңырау шалып алғыс айтқан сәттерінен видео үзінді болды.

Сонымен қатар әр  топқа тапсырма беріліп , әр топ өз тапсырмаларын сұраққа жауап беріп ойдағыдай толық жеткізе білді.

Без рубрики