Жаңашыл жастар — біздің мақтанышымыз!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  4 курс студенттері тағы да  білімнің шыңынан көрінді. 2023жылдың 17 қазанында Қарағанды ​​индустриялық университетінде өткен аталмыш университеттің 60 жылдық мерейтойына арналған Қарағанды ​​облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасындағы хакатоннан  Нұриден Мұхтар мен Махамбет Асхат бас жүлдені жеңіп алды. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының СИБ-20-2 тобының студенттері Мұхтар мен Асхат әзірлеген жобаның өзіндік ерекшелігі мен жаңашылдығын, ұсынылатын жобалық шешімнің экономикалық тиімділігін дәлелдеп кезекті жүлделі орынды иеленді.

Хакатон Жасанды интеллект технологиялары департаменті ұйымдастыруымен өтті. Университет ректоры Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы Хакатонның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға әзірленген IT-жобалардың тұсаукесері сәтті өтуін тіледі.

Бұл Hackathon – машиналық оқыту, нейрондық желілер, Интернет заттары, экология, ақпараттық қауіпсіздік және криптографиялық қорғау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған Қарағанды ​​облысындағы университеттер мен колледждердің студенттеріне арналған білім беру, дизайн және коммуникациялық форум.

Хакатонның мақсаты — Хакатон аймақтарында ең перспективалы жобалық шешімдерді әзірлеген командаларды анықтау және кәсіби дамыту. Онда жобалық шешімнің өзіндік ерекшелігі мен жаңашылдығы, техникалық шешімді әзірлеуі, ұсынылатын жобалық шешімнің экономикалық тиімділігі, презентация материалдары мен баяндамаларды дайындау сапасы және жобаның әлеуеті бойынша бағалап, осы жоғарыдағы аталған талаптарға сай жобаны таңдау керек болатын.

 

Нұриден Мұхтар мен Махамбет Асхаттың командалық әзірлеген қосымшалары жоғарыдағы қойылған талаптарға сай жоғары бағаланып, ерекше көзге түсіп, жүлделі орынды иеленді.

Еліміздің болашағы, зейінді жастар арасындағы осындай хакатон, форумдардың өткізілуі қуантарлық жағдай. Жастардың білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдауға, болашақ IT мамандардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

«Ақпараттық технология және қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушылары Кадирова Ж.Б., Рысбекқызы Б.

Без рубрики