Жаңалықтар


2012 жылдың 14 және 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Астана қаласындағы ірі «Көрме» WORLDDIDAC Халықаралық Қоғамдастық көрме орталығында «WORLDDIDAC ASTANA 2012» кәсіби дайындық пен білім беру бойынша Халықаралық технологиялық көрме өтті.
Көрмеге әлемнің 19 елінен 70-ке жуық компаниялар қатысты, бұл компаниялар оқу мекемелері үшін әр түрлі құрал — жабдықтар өндірісін, бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу, информатика технологиясы аймағындағы есептеулерді ұсынды. «WORLDDIDAC ASTANA 2012» кәсіби дайындық пен білім беру бойынша Халықаралық технологиялық көрмесіне 14 мамырда ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж оқытушылары барды.

Профессор М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университеті жанындағы оқу — әдістемелік орталығының «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы үшін ұсынған оқу құрал – жабдығы ерекше қызығушылық туғызды.

Автокөлік инженері, телекоммуникация, автоматтандыру аймағы бойынша «Лукас-Нюлле» компаниясы тренажорлық жүйелер бойынша толық мәлімет ұсынды. Физика, химия, биология ғылымдарын тереңдетін оқу үшін Phywe фирмасы оқу зертханалырын ұсынды. Колледждің «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау» мамандығы үшін НПП «Учтех-Профи» Оңтүстік – Орал мемлекеттік университетінің ұсынған оқу – зертханалық жабдықтау мен көрнекі құралдары қызығушылық туғызды.

SEADA фирмасы автокөлік инженері саласы боынша оқыту жабдықтарын ұсынды.

3-4 мамырда
Алматыда SIFE — 2012 ұлттық жарыстары өтті.
Команда SIFE КарГТУ-дің және Технологиялық колледждің студенттер 2-е орын алды. Команданың Эдвайзері — Лысачева Т.И SIFE — 2012 мадақтау дипломмымен марапатталды/p>

27 сәуір 2012ж ҚарМТУ-да II Республикалық студенттердің «XXI ғасыр жастарының Ұлы Отан соғысына көзқарастары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Бұл конференцияға ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледждің 1-2 курстың 8студенті қатысты.Баяндамаларында Ұлы Отан соғысы кезіндегі саяси-экономикалық дамуы және саяси факторлар,соғысқа қатысқан жақын туыстарының ерліктері мен  әңгімелері туралы сөз қозғалды.

Бұл ғылыми жобаның жетекшілері Технологиялық колледждің ӘГП ЦӘК кафедрасының оқытушылары.

17 сәуір 2012ж. ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледжде Қарағанды облысындағы колледж оқушылары арасында «Тәжірибеге бағытталған оқыту – болашаққа қадам» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Конференция тақырыбы қазіргі танда өзекті», — деп ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж директоры С.А.Қойлыбаева конференция ашылуы кезінде айтты.
Конфференция мақсаты: оқушылардың ғылыми-тәжірибелік жұмысын дамыту, теориялық және тәжірибелік жұмыс нәтижесімен бөлісуге мүмкіндік береді, сапалы білім алуға оқушылардың мативациясын арттыру, өздігінен дамыту және өздігінен жетілдіру.
Үш секция бойынша ғылыми – практикалық конференция жұмысы ұйымдастырылды.

Конференцияға 23 баяндама тіркелді, компьютерлік технология пайдаланылады (презентациялар, слайдтар және т.б.). Конференцияға кәсіптік лицей, колледждер, №101 мектеп лицей оқушылары қатысты.

Конференция нәтижесі шығарылды. Ең үздік баяндамалар дипломмен марапатталды:

1. Мамандық таңдау (№101 мектеп лицей)

2. Газалиев Арстан Мауленұлы. Мансаптық жолдары (ҚарМТУ жанындағы ТК)

3. Тамақ индустрия саласындағы маңсаптық саты принципы (№12 КЛ)

4. Энергиясақтау технологиясындағы физикалық процесстер (№3 КЛ)

5. Жоғары білікті мамандандарды дайындауда математика және физика пәндерінің маңызы (ҚарМТУ жанындағы ТК))

6. Темір жолға түсетін күштер (ҚарМТУ жанындағы ТК)

7. Cryengine 3 архитектурасы (ҚарМТУ жанындағы ТК)

8. 3D турлары (ҚарМТУ жанындағы ТК))

9. Бағдарламашы мамандығы шынайы және виртуалдық әлемде (ҚПТК)

2012ж 19-20 сәуірінде ҚарМТУ-да жоғарғы оқу студенттері арасында ғылыми конференция «Техникалық инновация, технология және білім»тақырыбында өтті. №18 бөлімінде Технологиялық колледж оқушылары «Философия және әлеуметтік дамуы» тақырыбында баяндама жасады.
1. Дмитриченко Анна 9КЖД-09-2э жетекшісі Натесова.В.К.
2. Абдыхадыров асет 9КЭП-09 – жетекшісі Натевова.В.К.
3. Иванов Вячеслав 9КЭД-10-1 – жетекшісі Тибатина.Т.Ю.
№19 бөлімінде Қазақстан тарихы бойынша 9КНГ-10 тобынан Гончар Александр,Оспанов Азамат қатысты,ғылыми жетекшісі Андреева Ю.И.
Біздің колледж студенттері осындай ғылыми шығармашылық конференцияларына қатысу,біз үшін басқа жоғаргы оқу студенттерімен танысуға,білімімізді жетілдіруге,ойлау қабілетімізді дамытуға,пікір алмасуға жетелейді.

6 сәүір 2012 ж. Қарағанды облысының Теміртау қаласында политехникалық колледж базасында «Техникалық және кәсіби білім беруде дуальдік оқыту жүйесін енгізуге байланысты жұмыс тәжірибесін оқып-үйрену» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Семинарға ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайнов қатысты. Сонымен қатар, Парламент депутаттары, ведомства және салалық министрліктерінің өкілдері, ЖШС «Қазақмыс одағының» басқарма төрағасы Эдуард Огай, дуальдік жүйе бойынша халықаралық сарапшылар қатысты. Семинарға елдің барлық аймақтарынан Техникалық және кәсіби білім беру жүйесі ұйымдарының жетекшілері келді.
Семинарға ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж директоры Қойлыбаева С.А. қатысты, ол оқытуда дуальдік жүйені енгізу стратегиясы «ПЛ-колледж — жұмыс беруші» үлгісін ұсынды.
Механизмдердің жаңа жиынтығында мамандарды дайындау барысында дуальдік оқыту жүйесі маңызды орын алу керек, осы жүйе дамыған елдер арасында жақсы нәтижеге ие болған, деп Б.Жұмағұлов айтып өтті.
«Берілген жүйе бойынша білім алу кезінде 70-80% уақытын оқушы өндірісте, ал 20-30% — колледжде өткізу керек екендігін»,- Білім және ғылым министрі нақтылады.
Ә. Исекешев, қазіргі уақытта еңбек нарығында мамандарды дайындау кезінде жаңа тәсіл енгізуді талап ететінің айтып өтті.
«Форсировалық индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырлуының ең басты сұрақтарының бірі кадр мамандарын дайындау.
Кез келген құрал-жабдықты сатып алуға болады.
«Заманауи құрал-жабдықтармен қатар жоғары білікті мамандар болу керек» — деп, индустрия және жаңа технологиялар министрі айтты.
2014 жылға дейін Қазақстанда 220 индустриалды жобаларды жүзеге асырып, 200 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ету қажеттігін, еске түсірді.
ҚР Білім және ғылым министрлік мәліметтері бойынша, 96 Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде кадр мамандарын дайындауда дуальдік жүйенің элементтері қалданылады, ол: ауыл шаруашылық, транспорт, металлургия, машина жасау, мұнайгаз және химиялық өндірістерінде және т.б. салаларда пайдаланылады.

30 наурыз 2012ж. Фемида Заң Академиясында халықаралық конференция өтті. Конференцияға алыс және шетел мемлекеттерінен студенттер мен магистранттар қатысты. Ғылыми конференцияда «Қазіргі қоғамдағы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мәселелері» тақырыбында баяндамалар оқылды. Халықаралық ғылыми конференцияға біздің колледждің келесі студенттері қатысты:
1. Дмитриченко А., Наливайко Т. (9КЖД-09-2 топ оқушылары). Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында медиациялық институттың құрылуы».
2. Абдықадыров А. 9КЭП-09,9КЭД-10-1. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасы жастарының патриоттық сезімінің қалыптасуы».
3. Брико А. 9КСС-09-1э. Баяндама тақырыбы:  «Семсер мен қалқан – тарихтағы қызметі».
Халықаралық ғылыми студенттік конференциясында ұйымдастыру комитеті мағыналы баяндама үшін оқушылар мен ғылыми жетекшілері Натесова В.К мен Тибатина Т.Ю. мақтау грамотасымен және Фемида заң акакдемиясының ректоры атынан алғыс хаттармен марапатталды.

«Екі жұлдыз» көркем өнер сайысы
15.03.12ж ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледждің Жастар сарайында
«Екі жұлдыз» атты байқау өтті. Шараның өтілуіне № 1 Кәсіби бөлімі жауапты болды. Сайыс 1,2,3 топ оқушылары мен оқытушылар арасында өтті. Барлығы 18 жұп қатысты. Әділқазылар алқасының құрамына жастар саясат Департаментітің вокал жағынан басқарушысы, көптеген вокалды сайыстардың лауреаты Кошенова Гульнара Сайрановна, және де колледж администрациясы кірді. Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Марапаттау номинациялары: Гран при, 1,2,3 орындар және «Көрермендер көзайымы». Ең күшті нөмірмен алдыға бөлім меңгерушісі Дементьева Ю А мен 9 КАД-11-2 тобының оқушысы Жиенханова Данагуль, және лаборант Неренберг А С мен 9КИС -10-2 тобының оқушысы Вайс Анатолий керемет өнерлерімен суырылып шықты. Ал, «Көрермендер көзайымы» номинациясын Неренберг А С мен сүйкімді Сердючка рөлін тамаша сомдап шыққан 9КИС -10-2 тобының оқушысы Вайс Анатолий жеңіп алды. Колледжмізде бұл сайыс екінші рет өткендіктен, жақсы бір салтқа айналып қалуда.

«Ана – ең қымбат сөз»
8 наурыз күніне арналған
әзіл-сықақ мерекелік бағдарлама.

06.03.12 жылы ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледждің мәжіліс залында 8 наурыз күніне арналған «Ана – ең қымбат сөз» атты әзіл-сықақ мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекелік шара ұйымдастырушылары колледждің №1,2 жалпы білім беретін бөлім оқушылары. Мерекелік бағдарламаға 1 курс топтары: 9КАД-11-1, 9КИС-11-1, 9КПО-11-1 и 2, 9КДЗ-11-1 и 2, 9КАД-11-2, 9КРЭС-11-2, сонымен қатар 2 және 3 курс топ оқушылары 9КНГ-10, 9КЖД-09-4 қатысты. Мереке қонақтары 1 курс оқушыларының әжелері, аналары, әпкелері сонымен қатар, колледж әкімшілігі, мұғалімдері және ТК қызметкерлері болды. Кеш сүйікті теле бағдарламаларға «Модный приговор», «Давай поженимся», «Криминальные новости», «Прогноз погоды», «Женские советы» сықақ келтіру түрінде өтті. Концерт тартымды өтті, қонақтар «аналарға арналған жағымсыз кеңес викторынасы» қатысты. Ең белсенді қатысушылар мерекелік сыйлықтарға ие болды.
Колледжде осындай мерекелік іс-шара биыл 2-ші жыл өткізілуде, 2011 жылғы бағдарлама «Ананың көздері» деп аталынып, сайыс түрінде өткізілді. Жезтаңдай 9КЖД-09-4 топ оқушысы Ботакөздің әні мен 1 курс студентінің қызықты сықағы кеш қонақтарына ерекше әсер қалдырды.

Қарағандыда 2012ж. 31 қаңтарда президент Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолудауы облыс әкімінің жиналысында талқыланды. Мәжілісте жолдауда айтылғандай он бағыттың ел аймақтарында жүйелі түрде іске асыру міндеттері белгіленді. Колледж директоры С.А.Қойлыбаева өз сөзінде президенттің жолдауында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға көп көңіл бөлінгенін айтып өтті. Білім беру үрдісінің сапасы педагогикалық ұжымның негізгі артықшылығы болу керек, ол қазіргі кезде әлеуметтік серіктестіктермен тығыз қарым-қатынаста болу арқылы педагогикалық технологиялар мен озық әдістерін енгізу арқылы жүзеге асады. Дер кезінде ҚарМТУ негізінде қазіргі заманға сай жұмыс кәсіптеріннің орталықтарын құру болды. Кәсіпорындардың тапсырысымен оқитын студенттер саны артты, қазіргі кезде 18%. Өндірістік тәжірибе арқылы мамандарды дайындау деңгейі өзгереді, «Электр жабдықтау», «Дәнекерлеу ісі», «Құрылыс» техникалық мамандықтардың беделі мен мүмкіндігі артады. АҚ «Қарағанды электротехникалық жабдықтау заводы» негізінде «Электромеханик» мамандығын дайындау бойынша алғашқы рет колледжде тәуелсіз баға сапасын өткізу жүзеге асты: «Электромеханик» квалификация талаптарына сай бітірушілер завод мамандарының өңдеген өнімдері негізінде тәжірибелі тапсырмаларды орындайды.
2012ж. 8 ақпанында ҚР БҒМ кеңесінде Қарағанды қаласында жұмыс топ құрамында колледж директоры С.А.Қойлыбаева Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына байланысты сұрақтарды талқылауға қатысты:
— Т және ҚБ үшін мамандарды дайындау және қайта дайындау;
— қаржы жүйесін толық жетілдіру;
— Т және ҚБ оқу мекемесін үлкейту және бағдарлау;
— Баға квалификациясына ассоциация салаларын кірістіру.
Жұмыс тобының Т және ҚБ жүйесіндегі инновациялық жағдайға сәйкес өзгерту тәсіл презентациясы ұсынылды. Кәсіби білім беру мен экономиканың өз-ара байланысына ерекше көңіл бөлінді. ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледждің өңдеген үлгісі негізінде 1307000 — «Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарату жүйелерін пайдалану» мамандығы бойынша «КЛ-колледж-ЖОО–жұмыс беруші» жүйесінде техникалық мамандарды дайындаудың көпдеңгейлі үлгісі ұсынылды.
2012ж. 29 ақпанында облыстық әкімшілікте облыс әкімі А.К.Құсаинов, Облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, жұмыс берушілер, колледж, кәіптік лицей директорлары қатысуымен дөңгелек стол өтті, келесі маңызды сұрақтар талқыланды:
• Еңбек нарығындағы жұмысшы кадрлар сұранысын қамтамасыз ету;
• Германиядағы оқытудың Дуалдық жүйесі;
• Қарағанды облысындағы Т және ҚБ жанаша жолдары.
Колледж директоры С.А.Қойлыбаева «Кәсіби лицей – колледж – жұмыс беруші» жүйесінде оқытудың көпжүйелі әдісін енгізу тәжірибесін ұсынды. Жұмысқа орналасуға, оқу тәжірибесін өту мақсатында кәсіби лицейлермен: КЛ № 1, 3, 15, 30 келісім шарт жасалынды. Технологиялық тәжірибеден өту үшін Қарағанды облысының 18 кәсіпорындармен келісім шарт жасалынды, олардың ішінде ірі кәсіпорындар:
— Арселор Миттал Теміртау,
— Қарағанды метал құрылыс заводы,
— Қарағанды электротехникалық жабдықтау заводы және т.б.

Без рубрики