10 ақпанда сағат 11:00-де ҚарМТУ-да ИИДМБ-2 мамандарын даярлау бойынша жаңа тәжірибелік-бағдарлық білім беру бағдарламаларына сәйкес бейіндік магистратураның алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтеді. Жаңа мамандар құжаттарын қолға алған күннен бастап, бірден өңіріміздің ірі өндіріс орындарында қызмет атқара бастайды. Қазіргі таңда ҚарМТУ 2015-2019 жж. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша маман дайындау пилоттық жобасын алғашқылардың бірі болып жүзеге асыра бастаған аймағымыздағы бірден-бір ЖОО.
Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары ретінде шараға білім ордасының басшылығы Қармту ректоры т.ғ.д. М.К. Ибатов, бірінші проректор – т.ғ.д. А.З. Исагулов, стратегиялық даму бойынша проректор– профессор Г.С. Жетесова, ғылыми жұмыстар бойынша проректор т.ғ.д. С.Г. Ожигин, тәрбие ісі жөніндегі проректор – т.ғ.к., доцент Н.А. Алпысбаев және Ж. Әбішев атындағы ХМИ-ның директоры – х.ғ.д. С.О. Байсанов және облыстық әкімшілік қызметкерлері қатыспақ.
Айта кететін маңызды жайт, алғашқы түлектердің барлығы дерлік жұмысқа орналастырылған. «Қазақмыс» корпорациясы, «Жезқазғантүстіметал», Пархоменко атындағы зауыты, «Производственное объединение литейных заводов» ЖШС, Ж. Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты, «Maker» ЖШС-нің филиалы, «МЛ Инжиниринг» ЖШС, «НиКо-2010» ЖШС, «Turkuaz Machinery» ЖШС, «PowerBeton» ЖШС, «Имсталькон Қарағанды металлоконструкция зауыты – ЖШС» және өзге де сала құраушы кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша қорғалған магистрлік жоба иегерлері осы мекемелердің қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ биылғы жылы осы жоба аясында ҚарМТУ-дың Ресейдің жетекші техникалық университеттерімен бірге, әлемдегі робототехника шығарушы іргелі кәсіпорындардың бірі «Фесто» (Австрия, Германия) концернінің қолдауымен, халықаралық «Синергия» білім беру жобасын жүзеге асыру ісінен жинаған тәжірибе арқасында өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафедрасының базасында бейіндік магистратураның жаңа «Робототехника. Басқару жүйелері» пәнаралық бағдарламасы аясында 64 магистрлік жоба қорғалды. Оларға тапсырыс беруші компаниялар – «Қазақмыс» корпорациясы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты», «Қарағанды Су», «КАЗПРОМАВТОМАТИКА», «Қарағанды Жарық», «Караганда Энергоцентр», «Теплотранзит Қарағанды», Қарағанды фармацевтикалық кешені және басқа сала құраушы кәсіпорындар.
2010 – 2014 жж. аралығында ҚарМТУ Қарағанды облысы Индустриаландыру жол картасы аясында 1 096 маманды жұмыспен қамтыған. Қазіргі таңда бұған қосымша аталмыш бағдарлама бойынша өңіріміздің 93 кәсіпорнына 2014-2019 жж. көрсеткішіне сәйкес 1682 маман қажет. Осы сұранысқа жауап бере білу үшін қазіргі таңда университет пен бірқатар кәсіпорындардың арасында келісімшарт жасалған.
Жалпы, статистикалық деректерге орай ҚарМТУды бітірген жас мамандарға деген сұраныс бүгінгі таңда 97 пайызды құрап отыр, ал түлектердің 95 пайызы оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасып кетеді. Сараптама нәтижелері осы ГПИИР-2 бағдарламасы аясында өңіріміздің кәсіпорындары үшін «Металлургия», «Машинажасау», «Автоматизация және басқару», «Тау-кен ісі», «Технологичлық машиналар және құрылғылар», «Электроэнергетика», «Құрылыс», «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына сұраныстың жоғары екенін көрсетуде. Сондықтан бүгінгі кезде жеткен жетістіктеріміз республикамыздың үшінші жаңғыру жолында да өзіндік маңызды рөлін деген сенімдеміз.