Жүрекпен есте сақтаймыз


Жүрекпен есте сақтаймыз

2020 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Жүрекпен есте сақтаймыз» онлайн — іс-шарасы өтті. Іс-шараны ҚарМТУ жастар саясаты Департаменті мен «Жас Орда» Жастар ассоциациясы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек ардагері Пономарева Серафим Григорьевнаны Жеңіс күнімен құттықтады.
Серафима Григорьевна 1944 жылы сәуір айында Қызыл Әскер қатарына ерікті түрде барды. 1-ші Белорус майданының құрамында аты аңызға айналған қолбасшы – маршал Жуков Георгий Константиновичтің басшылығымен штабта аудармашы ретінде соғысты. Серафима Григорьевна қираған Рейхстагты, жоғалған Берлинді өз көзімен көрді.
1957 жылдан бастап Пономарева Серафима Григорьевна алдымен №7 Қарағанды мектебінде шет тілі мұғалімі, содан кейін Қарағанды политехникалық институтында оқытушы болып еңбек етіп, осы жерден құрметті демалысқа шықты.
Серафима Григорьевнаға тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Алпысбаева Н. А., ҚарМТУ ардагерлер Кеңесінің төрағасы Обухов Ю. Д., ПТБ ҒЗИ директоры Агибаева С. Ж., «Жас Орда» ЖА төрағасының орынбасары Баграмова Аймира құттықтау сөз сөйледі. Магистрант, Еламан Жексенбаев ардагердің құрметіне арнап «Жеңіс күні» әнін орындады.
Серафима Григорьевна соғыс туралы естеліктерімен бөлісіп, құттықтау үшін алғыс айтып, барлық қазақстандықтарға бейбітшілік пен амандық тіледі.

Без рубрики