«Салауатты өмір салты – ұлт саулығының кепілі»


Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп белгілеп, жастарды мәдени-спорттық, қайырымдылық және басқа да қоғамдық іс-шараларға барынша жұмылдыру керек екендігін айтқан болатын.

 

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттер 2019 жылдың 2-ақпан күні Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «Жастар» спорт кешенінде волейболдан өткен қайырымдылық турниріне қатысты.

Бұл іс шараның негізгі мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баули отырып, олардың санасына қоғамдағы патриоттық, қайырымдылық сезімін қалыптастыру болып табылады. Қайырымдылық турнирінде «Серпін»  командасы 18 команданың ішінде жақсы өнер көрсетіп, Республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының басшысының марапаттауына ие болды:

  1. «Үздік бұғаттаушы» — ТС-17-1 тобының студенті Байдуллаев Еркежан
  2. «Үздік ұсынушы» — НД-17-1 тобының студенті Сейтқазы Нұрсайын
  3. «Үздік қабылдаушы» — ТТ-17-2 тобының студенті Молдашев Элдар

 

 

 

 

Без рубрики