«Үздік студент – 2021»


2021 жылдың маусым айында «Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы» ҚҚ базасында және «Бөбек» жалпыұлттық қозғалыс» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігімен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы және т.б. студенттерінің қатысуымен халықаралық ынтымақтастықты ескере отырып, ғылымды одан әрі интеграциялау  мақсатында «Үздік студент – 2021» жобасы ұйымдастырылды.

Осы жоба аясында БЖД-18-1 тобының 4 курс студенті Баймұхан Ақжол I дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – КАжЕҚ кафедрасының аға оқытушысы Цешковская Елена Анатольевна.

Без рубрики