ҚарМТУ жанындағы ЖБТ-ОӘБ Кеңесінің отырысы


2020 жылдың 27 мамырында ҚарМТУ жанындағы ЖБТ-ОӘБ Кеңесінің отырысы өтті.

Оған келесі дайындық бағыттары бойынша ЖОО оқу-әдістемелік бірлестігінің құрамына кіретін Қазақстанның 13 университетінің өкілдері қатысты:

— «Инженерия және инженерлік іс»;

— «Өндірістік және өңдеуші салалар»;

— «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)»;

— «Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау».

Отырысты стратегиялық даму жөніндегі проректор, т.ғ.д., проф. Жетесова Г.С. ашып, осы жылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша білім алушыларды қабылдау үшін дайындық шараларын жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда – «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттарының сәйкестік Кестесін» қалыптастыру.

Пәндік пікірталас «Магистратура мен докторантураға түсушілерге арналған сәйкестік Кестесінің жобасына» қатысты болды, оны ҚарМТУ-ОӘБ Жетекшісі т.ғ.д., проф. Пак Ю.Н. ұсынды.

«Инженерия және инженерлік іс», «Өндірістік және өңдеуші салалар», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыттары бойынша магистрлік бағдарламаларға 14 түрлі бағыттағы, ал «Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау»-ға – 16 бағыттағы бакалавриат түлектері түсе алады.

Аталған даярлау бағыттары бойынша докторлық бағдарламаларға сондай-ақ 14-16 бағыт бойынша магистратура түлектері түсе алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыттарына түсушілердің осындай кең спектрі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барынша қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Аталған мәселелерді талқылауға Р. Искаков (Сәтбаев университеті), К. Касенов (ҚазҰАУ), А. Волненко (М. Әуезов атындағы ОҚМУ), Т. Кумыкова (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ), А. Бегимбетова (АЭжБУ), А. Наметов (Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ), А. Абдиров (Сейфуллин атындағы ҚАТУ), С. Кулнияз (Жұбанов атындағы АРМУ), С. Цыганков (Тынышпаев атындағы ҚазККА), Г. Есенбаева (Қазтұтынуодағы ҚЭУ), С. Усупов (АТУ), Б. Жәутіков (ҚМИУ) және т. б. қатысты.

Жалпы, сөз сөйлеушілер сапалы мамандарды даярлау бойынша әлеуметтік миссияны орындайтын және Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беруді дамыту тұжырымдамасын табысты іске асыруға ықпал ететін тәсілді мақұлдады.

Ұсынылды: жетекшілік ететін төрт бағыт бойынша магистратура мен докторантураға түсу үшін сәйкестік кестесінің осы жобаларын ҚР БҒМ жіберу және оларды қабылдағаннан кейін ҚарМТУ ЖБТ-ОӘБ құрамына кіретін жоғары оқу орындарының назарына жеткізу.

 

 

 

Без рубрики