«ҚЫТАЙ ТІЛІНІҢ КӨПІРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ӨТТІ


12 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жастар әлемі» жастар сарайында «Қытай тілінің көпірі 2023» дүниежүзілік байқауының республикалық кезеңінің финалы өтті. Биылғы жылдың тақырыбы – «Бір әлем, бір отбасы».

Бейжіңде дүниежүзілік кезеңде еліміздің атынан өкілдік ету құқығы үшін 26 қатысушы күресті. Бұл халықаралық байқау Қазақстанда 12 жыл бойы өтуде.

Конкурсқа қатысушылар алдында ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы кеңесші-елшісі Ван Тао мырза және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың атқарушы директоры А.З.Исағұлов сөз сөйледі.

Ван Тао Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо мырза мен А.З.Исағұлов – ЖОО ректоры М.К.Ибатовтың атынан байқауға қатысушыларды, қазылар алқасы мен көрермендерді «Қытай тілінің көпірі» 22-ші Дүниежүзілік студенттік байқауының және шетелдік оқушылар үшін қытай тілін білу бойынша 16-шы олимпиаданың қазақстандық финалының сәтті ашылуымен құттықтап, «Қытай көпірі» байқауының барлық қатысушылары мен қазылар алқасына табысты және жемісті жұмыс тіледі.

Ван Тао мырза өз сөзінде: — Қазақстандағы Конфуцийдің бес институты осы іс-шараны ұйымдастыру және дайындау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Конфуций институты үлкен қолдау көрсетті, осы іс-шараны ұйымдастыру бойынша зор қажырлы жұмыс жасады, ол үшін Сіздерге шын жүректен зор алғысымды білдіргім келеді! «Қытай тілінің көпірі» әлемде қытай тілі мен қытай мәдениетін ілгерілетуге, әлем елдерінің Қытайға қатысты өзара түсіністігі мен достығын нығайтуға, бүкіл әлемде бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесуге бағытталған.

Профессор А.З. Исағұлов Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Конфуций институтының тыңдаушылары алғаш рет 2012 жылы «Қытай тілінің көпірі» халықаралық байқауына қатысқанын еске салды: — бұл жолдың маңызды бөлігін бізге қытайлық серіктесіміз – Шихэцзи университеті өтуге көмектесті, ол жоғары білікті оқытушылар мен ынталы еріктілерді ұсынды. 2018 жылы біздің университеттің базасында Қазақстан Республикасындағы ҚХР Елшілігінің қолдауымен «Қытай тілінің көпірі» байқауының республикалық кезеңі сәтті өтті.

«Қытай тілінің көпірі» студенттер мен оқушыларға қытай тілін меңгерудің жоғары деңгейін, сондай-ақ қытай мәдениеті, тарихы, өнері, географиясы, музыкасы, әдебиеті саласындағы білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бүкіл әлемдегі жастар арасында қытай тілін үйрену мен Қытайды түсінудің маңызды алаңына айналды.

2002 жылы алғашқы байқау өткізілгеннен бері 150-ден астам қытай тілін оқитын елдердің 1,4 миллионнан астам студенттері мен мектеп оқушылары «Қытай көпірімен» байланысты және жыл сайын 100 миллионнан астам шетелдік көрермендер бұл үлкен оқиғаға зер салып отыр.  Қазақстандағы Конфуцийдің бес институты Қытай-Қазақстан гуманитарлық алмасуларына кадрлық және зияткерлік қолдауды қамтамасыз етеді, екі елдің халық достығы базасын нығайтады, қытай тілін және «Қытай тілі көпірін» ілгерілету бойынша жұмысты белсенді жүргізеді, бұл адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығын құруға жәрдемдесуде тілдік оқыту мен алмасудың маңызды рөлін толық көлемде көрсетеді.

— Бұл байқауға Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан осы жарыстың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысуда, — деп атап өтті Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Конфуций Институтының директоры Татьяна Филиппова. — Оған тек студенттер ғана емес, орта және кіші төменгі оқушылары да қатысады. Биылғы байқауға 18 студент пен 6 оқушы келді. Байқаудың республикалық кезеңінің әрбір жас тобынан алғашқы екі жеңімпаз «Қытай тілі көпірі» Дүниежүзілік байқауына одан әрі қатысу үшін Бейжің қаласына барады.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар тілдік дағдыларын, Қытай елтану бойынша білімдерін, Қытай мәдениеті саласындағы шығармашылық қабілеттерін көрсетуге тиіс болды.

Тапсырмаларды орындап, республикалық кезеңнен өткендердің бірі, Қарағандылық оқушы Никита Слинько. Бұл байқауға ол үшінші рет қатысып отыр.

— Шынымды айтсам, мен үш жыл бұрын қытай тілін шындап үйрене бастадым, — дейді Никита. — Оқудың бірінші жылында маған сол кезде Шаньдун политехникалық университетін бітіріп, Қазақстанға келген үлкен ағам көмектесті. Ол менің оқуыма көп уақыт бөлді және оның алғашқы ұстазым ретіндегі қосқан үлесін бағалау қиын. Әрине, мен байқаудың осы кезеңінен өтемін деп күткен жоқпын. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Конфуций Институтының барлық қызметкерлері мені бірінші орынға дайындады. Қалай болғанда да, мен оны күттім бе, жоқ па — енді маңызды емес. Ең бастысы, дайындық процесі жалғасуда және менің алдымда жаңа мақсаттар ашылуда. Қытай мақалында айтылғандай – қажырлы еңбектің арқасында тауды да орнынан жылжытуға болады.

«Қытай тілінің көпірі 2023» дүниежүзілік байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен қатысушылары жүлделер мен бағалы сыйлықтарға ие болып, қазылар алқасы мен көрермендерге қызықты концерттік бағдарлама көрсетті.

Без рубрики