14 наурыз күні ҚарМТУ-дың Конфуций Институтының ұйымдастыруымен ІV аймақтық «Қытай тілі көпірі – 2017» байқауының іріктеу кезеңі өтті. Қытай азаматтары әрі Конфуций Институтының оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы қытай тіліне қызығушылық танытып жүрген өңір жастарының білімдерін бағалады.
Олардың арасында білім ордамыздың студенттері мен Қарағанды қаласының мектеп оқушылары да бар еді. Жас тіл үйренушілер әділқазылар алқасының алдында қытай тілінде оқи, жаза білу сияқты біліктерімен қоса, шығармашылық таланттарын да көрсетті. Бірі жиналған жұртшылыққа музыка аспаптарында ойнау, би билеу қабілетін паш етсе, енді бірілері ежелгі қытай өнерлері – жүз жылдар бойғы күріш, бамбуктан жасалған қағаз және жібек матаның үстінде тушьпен сурет салу және «У» жауынгерлік өнерінің техникаларымен таныстырды.
Аталған сайыстың нәтижелері бойынша қатысушылар жүлделі орындарды төмендегідей бөлісті. Студенттер арасында:
1-орын – Сабина Шалгимбаева;
2-орын – Александра Казанцева;
3-орын – Вера Исакова.
Мектеп оқушылары арасында:
1-орын – Александр Кузнецов, №50 ЖББОМ оқушысы;
2-орын – Кирилл Тын, №50 ЖББОМ оқушысы;
3-орын – Гаухар Жумабаева, МИБ/б ЖББК №68 оқушысы.