ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Казахский вариант«Профессор А.Н. Данияров атындағы Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында 2013 жылы ҚарМТУ-дың 60 жылдығына орай «Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығын (ҒТО) ашу туралы шешім қабылданды.

ҒТО басшысы Балабаев Оюм Темірғалиұлы (техника ғылымдарының кандидаты, «Көлік, тау-кен және құрылыс машина жасау» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент)) тағайындалған болатын және қазіргі уақытта да басшысы болып табылады.

Мерейтойлық 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ 70 жылдығына орай «Өнеркәсіптік көлік» Ғылыми-техникалық орталығын «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығы деп қайта атау туралы шешім қабылданды.

«STU-ENGINEERING» ҒТО негізгі міндеттері:

  • ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және сараптамалық жұмыстар жүргізу;
  • жаңа техника мен технологияларды әзірлеу;
  • қолданбалы ғылыми зерттеулер мен инжинирингтік қызметтер жүргізу.

«STU-ENGINEERING» ҒТО ұйымдастырушылық құрылымы:

  • оқу-әдістемелік бөлім;
  • ғылыми-зерттеу зертханасы;
  • конструкторлық бюро;
  • патенттік бюро;
  • коммерцияландыру бөлімі;
  • эксперттік-инжинирингтік бөлім.

«STU-ENGINEERING» ҒТО қызметкерлері – жоғары білікті мамандар: техника ғылымдарының докторлары және кандидаттары; PhD; ғылым магистрлер; инженер-конструкторлар және инженер-технологтар ұжымы.

Без рубрики