Бүгінде бүкіл әлемде адами капиталды дамытудағы негізгі үрдісі дағдылар мен құзыреттілік болып отыр. Болашақ маман мұндай қасиеттерді неғұрлым көбірек және оған сапалы ие болса, оның табысты кәсіби даму аясы соғұрлым ауқымды және жоғары болатыны сөзсіз. Цифрлық дәуірдің тез өзгеріп отыратын жағдайларына байланысты Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жаңа білім беру бағдарламалары болашақ мамандардың кәсіпорындармен тығыз серіктестікте икемді және кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағдарланады.
Білім беру мазмұнын жаңарту, болашақ мамандарды практикалық даярлау, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеу және коммерцияландыру ЖОО-да жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында жұмыс істейтін «Корпоративтік университет» инновациялық білім беру консорциумының құрамында ЖОО 76 жетекші өнеркәсіптік кәсіпорынмен мамандарды даярлау және ғылымды қажетсінетін технологияларды коммерцияландыру мәселелері бойынша өзара тығыз байланыс жасайды. Мәселен, 2023 жылғы 14 қарашада университеттің атқарушы директоры, профессор А.З. Исагуловтың, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор А.К. Ракишевтің, «Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Б. Калиаскаровтың қатысуымен, «Қазақтелеком» АҚ «Дивизион Сеть» бірлестігінің РУСД ЦР Қарағанды ДЭСД директоры А.К. Бековпен бірге көшпелі кеңес өткізілді.
Кәсіпорын мен ЖОО арасында тығыз ынтымақтастық қызмет жөнінде ауқымды пікір алмасу болды. Шаруашылық шарттар жасасу, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстары және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды. «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері сұранысқа ие және болашағы мол білім беру бағдарламалары бойынша магистратура мен докторантурада оқуға шақыру алды.