Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған байқаудың жүлдегерін құттықтаймыз!


29.02.2024ж. «Кеншілер мәдениет сарайында» ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған студенттер арасындағы қалалық «Өлең, мен сені аялап өтем…» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысып бақ сынасты.

Аталған байқауға «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі м.а., п.ғ.к., доцент Қ.М. Хамзинаның жетекшілігімен ТТ-22-1 тобының студенті Жақаба Бекарыс (кураторы Байгожина П.У.) және кафедра оқытушысы п.ғ.м. А.Д. Беккулованың жетекшілігімен ЦАФ-22-2 тобының студенті Нұрболат Әлия қатысты.

26 өнерпаздың ішінен топ жарып Жақаба Бекарыс 3-орын иегері болды. Бекарысты жеңісімен құттықтаймыз!

Без рубрики