Конференцияның негізгі міндеттері: жас ғалымдардың халықаралық қатынастарды дамытуы, кәсіби-бағытталған ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, тілдік кедергіні жеңуде және тілдік дағдыларды меңгеруде жас мамандарды қолдау, сондай-ақ проблемалар мен перспективаларды талқылау, ғылыми инновациялар мен кәсіпкерлік саласында, практикалық дағдылар мен ептіліктермен, тәжірибе алмасу болды.
Соңғы озық технологияларғк, сондай-ақ ғылым мен инженерия салаларында, жобалау, дамыту және жаңа технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне тиісті болашақ зерттеулерге көп көңіл аударылды. Ұйымдастырушылар осы конференция жас ғалымдар үшін соңғы нәтижелерімен және ғылым, инженерия және кәсіпкерлік саласында алынған эксперименттік деректермен, сонымен қатар халықаралық тәжірибеде және олармен байланысты мәселелермен бөлісу құралы, сондай-ақ одан әрі даму үшін жаңа идеялар мен бағыттар бойынша ұсыныстар туралы ақпарат беру құралы болды деп үміттенеді.
Конференцияға қатысушылардың жалпы саны 273 адамды құрады (олардың ішінде: 238 тыңдаушы, 35 спикер).
Конференцияны құттықтау сөзімен ғылыми жұмыстар проректоры, техникалық ғылымдар докторы Ожигин Сергей Георгиевич ашты. Ол «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі мен оның бүкіл ұжымын магистранттар мен докторанттар арасында мұндай маңызды және тиісті іс-шара өткізуімен құттықтады.
Осыдан кейін «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі Д.Д. Джантасова және шетелдік ғалым, Колорадо мемлекеттік профессоры Констанция Деверо қатысушыларға техника саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысына танымдық қызығушылық үшін алғыстарын білдірді және конференция әрбір қатысушы өмірінде айтулы оқиға болып, ағылшын тілін зерттеу қызметінің өсуіне ықпал ететін болады деп үміт білдірді.
Конференция барысында «Биоматериалдар және биотехнология», «Химиялық инженерия», «Құрылыс», «Ақпараттық жүйелер», «Энергетика», «Дизайн және әзірлеу», «Аспап жасау», «Өнеркәсіптік инженерия», «Материалтану», «Машина жасау», «Тау-кен өнеркәсібі», «Телекоммуникация» және «Көлік қозғалысын ұйымдастыру» сияқты техникалық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді талқыланды.
Тіркеу барысында қатысушылар Macmillan, Inter Press және Study Inn сияқты шетелдік білім беру орталықтарының ұйымдастырған көрмесі аясында техникалық ғылымдар саласында ағылшын тілін зерттеуге арналған қазіргі заманғы материалдарымен танысуға мүмкіндік алды.
Жас ғалымдар, инженерлер, магистранттар мен докторанттар мынадай нысандар бойынша презентациялық жұмыстармен қатысты: көрнекіліктермен жұмыс, пікірталас топтары, мастер класстар, постерлар көрсетілімі.
Конференция барысында техникалық және экономикалық ғылымдар саласындағы шетелдік ғалымдар, профессорлар: Гонконг университетінен Дэниел Черчилль, э.ғ.д., профессор, Колорадо университетінен Констанс DeVereaux, PhD, Ұлыбританиядан Дилан Эванс, PhD, Гумбольдт мемлекеттік университетінен Бен Тейлор, MA және Теннеси мемлекеттік университетінен Джордан Бaккe, Б.А.,сондай-ақ «Шет тілдері» кафедрасының доценттері мен аға оқытушылары шетелдік оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренудің өзекті мәселелері мен мәселелері бойынша мастер — класстар өткізді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттің негізгі кафедраларының ағылшын тілін меңгерген профессорлары басты жұмыстардың модераторлары ретінде қатысты.
Конференцияға қатысуға ниет білдірген жас ғалымдардың жоғары белсенділігін атап өтуге қуаныштымыз. Олардың тәжірибелік- бағыттағы презентацияларынан 38 жұмыс ұсынылды, ең көбі 1 бқлімде ұсынылған. Конференцияға қатысушылардың жұмыстары түрлі тақырыптармен, өзектілігімен, ақпараттандырылуымен ерекшеленіп, көрермендер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ол презентациялардың, демонстрациялардың және плакаттардың жанды және қызықты баяндалғандарын атап өткен жөн.
Конференцияның жабылуында үздік магистранттар мен докторанттарды таныстыру үшін байқаудың қорытындысы жарияланды. Ең үздік жұмыстардың авторлары мынадай санаттарға бойынша сыйлықтар мен марапаттарға ие болды: «Шығармашылық көзқарас» — АиУМ-17-1 тобының магистранты Салтанат Төлеген, «Perfect ағылшын» — ТЭМ — 17-2 тобының магистранты Гүлнұр Окенова, «1-ші дәрежелі диплом» — ИСМ-17-2 тобының магистранты Нұрлыбек Шинекенев, «2-ші дәрежелі диплом» — ЭЭM-17-тобының магистранты Мағжан Тажикеев, «3-дәрежелі диплом» — ИСМ -17-2 тобының магистранты Вячеслав Таренков.
Қызығушылықты арттырған желілік тұжырымдама ретінде таныстырылған Интернетке немесе бір бірімен байланысу үшін технологиямен кірістірілген физикалық объектілер (заттар) жайында «Интернет Заттары» тақырыбына арналған жоба. Бұл жобада өндірістік процессті бақылаумен қатар, әр түрлі автоматтандыру жүйелерін трансформациялау арқылы Интернеттің артықшылығын жүзеге асыруға талпыныс болды.
Қатысушылар осы сайыстың өзектілігін атап өтті, онда олар ағылшын тіліндегі кәсіби салада білімдерін, дағдыларын көрсету мүмкіндігіне ие болды. Осыған байланысты, жүлделі орындарға ие болған жобалар «Fame Lab» атты ғылыми байланыс саласындағы әлемдегі ең ірі жарысқа ұсынылатын болады, онда жұртшылыққа үш минут ішінде ағылшын тілінде ғылыми тұжырымдаманы түсіндіру үшін қажет.
Конференция атмосферасы талқылауға, әңгімелесуге жетелейтін достық қатынаста өтті. Барлық қатысушылар сертификаттармен қатар позитивті көңіл күй алып қайтты. Осы конференция жылда өткізіліп, ҚарМТУ «Шет тілдері» кафедрасының ұжымы үшін жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.