Ғылыми байланыстарды дамыту және нығайту


Басқа елдердің ғалымдарымен халықаралық байланысты нығайту және дамыту мақсатында «Байланыс технологиясы және жүйелері» кафедрасында т.ғ.к., Сібір федералды университетінің (Красноярск қ., Ресей) «Арнайы радиотехникалық жүйелер» кафедрасының доценті Р.Г. Шайдуровтың қатысуымен ғылыми семинар өткізілді.

Р.Г. Шайдуров байланыс және деректерді беру желілерін жобалау, салу және қызмет көрсету бойынша танымал маман болып табылады.

Семинарда «Радиофизика және радиолокация» кафедралық ғылыми-зерттеу зертханасының әзірлемелеріне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылар қонақтың электрмагниттік және сейсмикалық толқындар негізінде жер асты объектілерін іздеудің параметрлік әдісіне арналған ғылыми жұмысымен үлкен қызығушылықпен танысты.

Семинар нәтижелері бойынша ғалымдар арасында байланыс деректерімен алмасу жүргізілді, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Сібір федералдық университетімен ынтымақтастығы жоспарланды.

Без рубрики