ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Нәтижелі жаңашылдықтарды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ғылым және коммерциялау бойынша халықаралық кеңес (ҒКХК) мүшелерін таңдау бойынша жарыс жариялайды.
ҒКХК Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы тәуелсіз кеңес беру органы ретінде құрылады.
Жарысқа Қазақстан үшін стратегиялық маңыздылығы бар саланы ұсынатын ғалымдар, сонымен қатар коммерциялау саласныда тәжірибесі бар сарапшылар қатыса алады.
Жарысқа қатысу үшін өтініштер «ISCB experts’ profile» үлгісіне сай қабылданады. Өтініштер 2016 ж. 20 маусымнан 2016 ж. 4 шілде сағ 18:00-ге (Астана уақыты бойынша) дейін міндетті ағылшын (негізгісі Әлемдік банкке жіберіледі), қазақ және/ немесе орыс тілдерінде электрондық түрде info@fpip.kz және nich@kstu.kz эл. поштасына қабылданады.