Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ғалымдарға салтанатты құрмет көрсетілді


Басқарма Төрағасы – университет Ректоры С.С. Сагинтаева ғалымдарды жылы лебізімен құттықтап, биыл олардың кәсіби мерекесі көрнекті ғалым-геолог, ірі қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Сауле Саветовна қазіргі қоғамдағы ғылымның орасан зор маңыздылығын және мемлекет тарапынан осы саланы қолдаудың — іргелі және қолданбалы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту, білім алушылардың стипендияларын көтеру, олардың тұрғын үй проблемаларын шешу және басқа да шаралардың артып келе жатқанын атап өтті

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ғалымдары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылыми қоғамдастық алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі үлес қосуда. Өткен жылы ғана университетіміздің ғалымдары 1,4 млрд. теңге сомасына 80 ғылыми жоба әзірледі.

Университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерін ескере отырып Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі ғалымдарды атап өтті және марапаттады:

  • «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Жантасова Д.Д. «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
  • «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Квон С.С.; «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының доценті, PhD Мусаев М.М.; «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы доцентінің м. а., PhD Сайлауқызы Ж.; «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының оқытушысы, PhD Аринова С.К. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен;
  • «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасы доцентінің м.а., PhD Копобаева А.Н.; «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы доцентінің м.а., PhD Иванов В.А.; «КОРМС» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасының басшысы, PhD Андреященко В.А.; «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы доцентінің м.а.,  PhD Зейтинова Ш.Б.; «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Омарова Н.К.; «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы доцентінің м. а., т.ғ.к. Ожигина С.Б.; «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы  доцентінің м.а., т.ғ.к. Цой Н.К. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары мен ардагерлерінің үлкен тобы Алғыс хаттар алды.

Марапатталған ардагерлер қатарында Жетесов Сантай Сүлейменұлы да бар, оны осы күнгі 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Без рубрики