Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ғалымдарға салтанатты құрмет көрсетілді


Басқарма Төрағасы – университет Ректоры С.С. Сағынтаева ғалымдарды жылы лебізімен құттықтап, биыл олардың кәсіби мерекесі көрнекті ғалым-геолог, ірі қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары мен ардагерлерінің үлкен тобы Алғыс хаттар алды.

Марапатталған қызметкерлер қатарында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушы, п.ғ.м.  Жетпісбай Шолпан Аханқызы да бар.

Жетпісбай Шолпан Аханқызы өзінің ғылым жолында ҚР БҒМ 1996 ж., Құрмет грамотасымен; Қазыбек би атындағы аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» Қарағанды 2003; Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Алғыс хаты», Қарағанды-2013 ж. Куәлік «Ерен еңбегі үшін» төс белгі, ҚарМТУ, Қарағанды 2013ж.; «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» Мадақтама ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Астана-2016ж.; Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Алғыс хаты», Қарағанды-2017.; «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» Алғыс хат, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Астана-2017 ж.; Куәлік «ҚарМТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері» ҚарМТУ, Қарағанды 2020 ж.; Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының, Қарағанды облыстық ұйымы «Құрмет грамотасы» Қарағанды 2021ж. жетістіктерге жетті.

Мемлекттік тілді оқытуда үлкен үлес қосты, сол сияқты кәсіби қазақ тілі мен іскери қазақ тілі пәндерінен сабақ берді.

«Латынграфикалы «Qazaq tili» В1, В2 деңгейлеріне арналған web оқулықтарын инновациялық технологиялар арқылы әзірлеу. (Жоғары оқу орнындағы білім беруге арналған)» мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс жүргізді.

1 монография, 5 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәліктің, 8 оқулық, 20 оқу-әдістемелік құралын, 6 электронды кітап, 15 электронды оқыту құралын, 30 артық ғылыми мақаласы, Scopus деректер базасына енгізілген рейтингтік журналдарда 2 мақаласы жарияланған.

Ш.А. Жетпісбай жұмыс барысында өзін білікті маман, оқу, ғылым және тәрбие үдерісінде білікті ұйымдастырушысы ретінде көрсете білді.

Без рубрики