2018 жылдың 14 маусымы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65-жылдық мерейторйына орай «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (дәстүрлі №10 Сағынов оқулары) өтеді.
Конференция басталмастан бұрын, бұл күні Корпоративті университеттің 10-жылдығына арналған осы ұйымға мүше өндіріс орындары мен мекемелер басшыларының алқалы кеңесі (ҚарМТУ кеңес залында) өтеді; Одан кейін қатысушылар ҚарМТУдың негізін қалаған академик А.С. Сағыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Профессорлар аллеясын» тамашалайды. Сондай-ақ бағдарлама бойынша қонақтар «Индустрия 4.0» және «Цифрлы машина жасау» ғылыми-білім беру орталықтарының таныстырылымын көріп, мерейтойлық конференцияның пленарлық мәжілісіне шақырылады.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті, Президент әкімшілігінің, ҚР БҒМ, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, қоғамдық ұйымдарының басшылары, аймақтық ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, университет түлектері, сондай-ақ магистранттар мен студенттер қатысады.
Пленарлық отырыста сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік ұйымы», «Жайрем КБК» АҚ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Караганданеруд» сияқты ұлтаралық және отандық ірі компаниялардың басшылары, алыс және жақын шет елдердің («АҚШ, Австрия, Ресаей және өзге де ТМД елдерінің) көрнекті ғалымдары бас қосады.
Конференция жинағына Қазақстанның ғылым, білім беру және өндірістік ұйымдарынан, 45 ЖОО-нан, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Польша, Австрия, Австралия, Швейцария, Индия, Сирия, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан сияқты алыс және жақын шет елдерден жалпы саны 757 баяндама келіп түскен.
Өткізілу орны және уақыты: 14 маусым 2018 ж. сағ.:11.00, КарМТУ, Бас корпус, (акт залы 3-қабат), Бейбітшілік бульвары, 56 үй.