«Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» №8 Сағынов оқулары


23-24 маусым, 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті шеңберінде «Ғылым, білім және өндірісті біріктіру – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы және  «ИИДМБ-2 жобаларын жүзеге асыру үшін мамандар дайындаудың өзекті мәселелері» аймақтық жиналысы болып өтетін №8 Сағынов оқуларын өткізеді.

Форумға ҚР БҒМ, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, Корпоративтік университет және ИИДМБ-2 жобалары ұйымдарының жетекшілері, алыс және жақын шет елдердің көрнекті ғалымдары қатысады.

Пленарлық отырыста баяндамамен сөз сөлейтіндер: ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Э.В. Огай, «TOTAL E&P Кazakhstan» компаниясының директоры Парамжит Калон, Брендан МакМэхон, «ERSAI Caspian Constractor LLC» компаниясының бас директоры Алессандро Кастанья, Томск политехникалық университетінің ректоры Чубик П.С., «Борусан Макина Казахстан» ЖШС Қарағанды бөлімшесінің жетекшісі Эфер Апайдын, «Соколов –Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Президенті Мухаметкалиев Б.С., «Шұбаркөл көмір» АҚ Президенті  Акбаев Т.А., «Жайремский ГОК» АҚ «Жәйрем ТКБК»Президенті Бурковский А.Ю., Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Божбанов М.Т., «Караганданеруд» АҚ директорлар кеңесінің жетекшісі Дедуренко А.И., Қарағанды ОТД АҚ «Қазақтелеком» бас директоры Аманов Б.Р., және Қазақстан мен Ресейдің басқа да өндірістік ұйымдары мен ғылыми орталықтарының жетекшілері.

23 маусымның екінші жарытысында ҚарМТУ-дың алдыңғы қатарлы ғалымдарының жетекшілігімен әр түрлі ауқымды әрі кең тақырыптардағы дөңгелек үстелдер мен Конференция секцияларының жұмысы басталады. Мысалы, дөңгелек үстелдер барысында ИИДМБ-2 жобаларын жүзеге асыру үшін мамандар дайындаудың өзекті мәселелері сөз етілді, жәнеоның бірі «Синергия» халықаралық ғылыми- білім беру жобасының 10- жылдығына арналады.

23- 24 маусым секциялық отырыстарды келесі мәселелер қарастырылыды:

«ИИДМБ- 2 жүзеге асырудағы жоғарғы кәсіби білім»;

«Болашақ қуаты –ЭКСПО-2017 жаңашыл тренді»;

«Инновациялық Smart- және компьютерлік инжиниринг технологиялары»;

«Білім берудегі STEM- және педагогикалық технологиялар»;

«Қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуы»;

«Тау-кен саласы дамуының мәселелері мен болашағы»;

«Машинажасаудағы ресурстарды үнемдеуші технологиялар»;

«Металлургиядағы жаңашылдықтар»;

«Жаңа материалдар мен технологиялар»;

«Құрылыс пен ТҮШ жаңашаландыру»;

«Көліктің инновациялық дамуы»;

«Кәсіпкерлік қоғамның инновациялық дамуы ретіде»;

«Химия- биологиялық ғылымдар».

Конференцияға Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің 58 ғылыми, білім беру және өндірістік ұйымдарынан 420-дан астам баяндама келді.

Без рубрики