Ғылыми-әдістемелік зерттемелер


Қоғамның қазіргі жағдайында жастар Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға тиіс, бұл одан дербестік пен жауапкершілік, өзгермелі жағдайларға тез бейімделу қабілеті, проблемаларды шешуге шығармашылық көзқарас сияқты жоғары әлеуметтік құзыреттерді талап етеді.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілерді байланысқа бейімділік, ұтқырлық, табандылық,  жауапкершілік, алған білімдерін нақты өмірлік жағдайда қолдану қабілеті және шығармашылық сияқты жеке қасиеттер тартады.

Жоғары білім беру жүйесінде тәжірибеге бағдарланған кадрларды даярлау үшін 2022 жылы 4 қазақстандық ЖОО базасында пилоттық режимде әлеуметтік GPA сияқты көрсеткіш енгізілді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің тәжірибесіне «Әлеуметтік «GPA» жобасын енгізудің мақсаты түлектерді әлеуметтік белсенділігін және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру жөніндегі қызметке тартылуын бағалау, ел игілігі үшін патриотизм мен еңбек идеяларын насихаттау, жастарды әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту арқылы қоғамға қызмет етуге дайындау болып табылады.

Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару органдарының, студенттік клубтардың, үйірмелер мен секциялардың қызметіне кеңінен тарту, қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық іс-шаралар әлеуметтік-жеке құзыреттіліктерді, азаматтық және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл еңбек нарығын тәжірибеге бағдарланған кадрлармен, өз әл-ауқаты үшін де, жалпы қоғамның әл-ауқаты үшін де жеке жауапкершілікті өз мойнына алатын басқарушылардың жаңа буынымен қамтамасыз етуге оң әсер ететіні сөзсіз.

2022 жылдан бастап біздің университетте «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие моделі негізінде алғаш рет «Ұлтқа қызмет» білім беру курсы енгізілді.

Бұл жүйе әрқайсысы белгілі бір мақсатты және мазмұнды жүктемеге ие және белгілі бір семестрге арналған жеті логикалық кезеңнен тұрады. Кураторлық сағаттардың тақырыптары тәрбие жұмысының барлық бағыттарын қамтиды, бұл ҚарТУ тарихын, университеттің дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті педагог-ғалымдарды, құқықтық мәдениетті, денсаулық және экология негіздерін, тарихи-мәдени мұраны, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму перспективалары және елдің алғашқы инженерлерін, сондай-ақ жаһандық технологиялық трендтерді білу. Қазақстандық қоғамның шынайылығы мен сұраныстарына байланысты білім беру курсының тақырыбы үнемі жаңартылып, өзектендіріліп отырады. Бұл тәсіл университетте оқудың алғашқы күндерінен басталатын, барлық оқу семестрлерін қамтитын және соңғы курста аяқталатын бүкіл оқу процесінің сабақтастығы мен толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Студенттер елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірі, азаматтың негізгі құқықтары мен міндеттері және әлемдік трендтер туралы білім алады. Білім беру курсы кураторлық сағат форматында еркін түрде өтеді – бұл әңгімелер, талқылау (пікірталастар), қызықты адамдармен кездесулер, университет пен қала мұражайларына экскурсиялар.

«Ұлтқа қызмет» курсының ерекшелігі – кураторлық сағатты студенттердің өздері өткізеді, теңдік қағидаты бойынша тең сабақ береді, студенттер тәжірибе, білім және ақпарат алмасады. Сонымен қатар, куратор мұғалім ретінде емес, адамдар өздері үйренетін білім беру ортасын жасаушы ретінде әрекет етеді. Бұл тәсіл сыни ойлау және ұтымды таным, коммуникативтілік, өз ойларын білдіру, шешім қабылдау, қиындықтарды жеңу, командада оқу және жұмыс істеу сияқты пайдалы дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Кураторлық сағаттарды өткізу кезінде студенттердің кураторлық сағат тақырыбын сапалы таныстыруына ерекше назар аударылады, студенттердің материалды сәтті игеруі соған байланысты. Quizizz, Kahoot платформасында слайдтар мен бейнефильмдер, пікірталас және миға шабуыл әдістері, ойындар мен викториналар қолданылады. Кураторлық сағаттарға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Borusan Makina Kazakhstan» ЖШС сияқты корпоративтік университеттің түрлі өкілдері, студенттерге өндірістік процестер мен болашақ мамандықтың ерекшеліктері туралы айтып беретін ЖОО түлектері шақырылады.

Студенттер арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, студенттердің 80%-дан астамы кураторлық сағаттарды өткізу қажеттілігін және жаңа білім алу, сондай-ақ баяндамаларды дайындау кезінде ақпаратты іздеуді және өңдеуді үйрену мүмкіндігі маңызды артықшылық болып табылатынын атап өтті. Кураторлық сағаттарда студенттер болашақ мамандыққа, саясатқа, қалада, елде және әлемде болып жатқан оқиғаларға, әлемді жақсы жаққа өзгерткен адамдарға, сондай-ақ ғылым мен техникадағы жетістіктерге қатысты тақырыптарды үлкен қызығушылықпен талқылайды.

Кураторлық сағаттардың тиімділігін арттыруға тәжірибелі кураторлар жас және жаңадан бастаған оқытушылармен педагогикалық тәжірибе алмасу үшін өткізетін шеберлік сыныптары ықпал етеді, мұнда сапа критерийлері өзекті, пайдалы және қызықты ақпаратты пайдалану, материалды беру тиімділігі, студенттерді белсендіру басты мақсат болып табылады.

Білім беру курсын игерудің тиімділігі әр семестрдің соңында тестілеу арқылы анықталады. 2022-23 оқу жылында өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 85%-ды құрады. Білім беру курсының материалын игеру нәтижелері студенттердің әлеуметтік құзыреттілігі немесе әлеуметтік GPA индикаторының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Осылайша, «Ұлтқа қызмет» білім беру курсы ең алдымен білім ғибадатын, кәсіби сұранысқа ұмтылысты, жастардың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің педагогикалық құрамы жас ұрпақтың қалай өсетіні үшін өз жауапкершілігін айқын сезінеді. Осыдан жүз жыл бұрынғыдай, прогрессивті жастарды тәрбиелеуге, «алашордашылардың» алғашқы қазақстандық зиялы қауым өкілдерінің армандары мен үміттері назарға алынды. «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейхановтың «Ұлт пен халыққа қызмет етуге деген ұмтылыс білімнен емес, мінезден» деген сөздері білім беру курсының негізгі идеясына айналды.

 

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ

Патриоттық тәрбие ғылыми-зерттеу институты

 

Университеттің тәрбие саясаты 2009 жылы әзірленген патриоттық тәрбие беру Моделіне негізделген.

Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы бойынша 2010 жылдың қазан айында Модель Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен еліміздің барлық білім беру мекемелерінде енгізуге ұсынылды. Модель халықаралық  деңгейде апробациядан өтті: 17 қыркүйек 2009 жылы – Болон Университеті конференциясында (Италия), 8 мамыр 2010 жылы – Дрезден техникалық университеті семинарында (Германия) және республикалық деңгейде: 21 сәуір 2009 жылы – ҚР Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Әлеуметтік кеңесінің мәжілісінде; 10  желтоқсан 2009 жылы – ҚР Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік даму комитетінде «Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие беру ролі: проблемалар, перспективалар, шешу жолдары» дөңгелек үстелінде; 28 қазан 2010 жылы – ҚР БҒМ және Президент Әкімшілігі ұйымдастырған республикалық семинар-кеңесте, семинар барысында патриоттық тәрбие беру моделін енгізу бойынша ғылымы-әдістемелік материалдар топтамасы ЖОО берілді.

«Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру Моделінің құрылымы жеті бағытты қамтиды, әрқайсысы семестрге бөлінген (академиялық кезеңге 15 кураторлық сағаттан).

Одан әрі даму шеңберінде 2014 ж. мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев өнегесіндегі патриоттық тәрбие беру Моделі – «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру Моделіне, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтар жаңа Модельдің әдістемелік негізі ретінде алынды.

Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық салаларында болып жатқан белсенді инновациялық процестер білім беру реформаларын жүзеге асыру қажеттігін тудырды. Жоғары мектепті дамыту жағдайы, беталыстары мен перспективалары, үздік тәрбие беру практикаларын талдау болашақ мамандардың көзқарастарын және патриоттық азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда дәстүрлі тәсілдерін қайта қарау қажеттігіне көз жеткізеді.  Білім беру мекемелерінде қазіргі кезде тәрбие беру жұмысының проблемалары басым болып келеді.

Елбасы айтқандай, «Біздің міндетіміз қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту».

Алайда ҚР экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бойынша жаңа стратегиялық міндеттерді атқару мақсаттарында түбегейлі жаңа тәрбие беру саясаты қажет, оның мәні әлемдік даму трендттеріне және МИИДБ-2 мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келетін, ҚарМТУ базасында «Корпоративті Университет» оқу-ғылыми-өндірістік кластер құрамында алтыншы технологиялық құрылыста негізделетін жаңа формациядағы инженерлік кадрлар даярлау болуы тиіс.

2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жаңа инновациялық тәрбие беру саясаты әзірленді және қабылданды.

Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының мақсаты – техника мен технологияларды дамытудың әлемдік трендттерін, Қазақстан өнеркәсібінің негізгі салаларын дамыту перспективаларын, техникалық білім беру саласында жаңа заң базасын зерттеу; МИИДБ-2 мемлекеттік бағдар-ламасын, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыруда қазақстандық сәйкестілік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы негізінде болашақ бәсекеге қабілетті инженерлік-техникалық мамандарды жан-жақты және үйлесімді дамыту.  

Жаңа тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының міндеттері:

  1. 1-7 семестрге кураторлық сағаттардың Жаңа Күнтізбелік жоспарын әзірлеу.
  2. «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру моделін өзектендіру – жаңа ғылыми, оқу және тәрбие беру саясатын практикалық жүзеге асыру, студент жастарды қазіргі заманғы өндіріс талаптарына барынша жақындату мақсатында ғылыми-әдістемелік кешен құрылымы мен мазмұнын (топ кураторларына көмек ретінде семестрлік жинақтарды, брошюраларды) жаңарту.
  3. Оқытушылар мен студенттер Патриоттық тәрбие беру моделінде бұрын әзірленген 2-ші, 3-ші, 4-ші («Ұлт тарихы толқынындағы ұлы тұлғалар», «Мәдениет, дәстүр және өзіндік ерекшелік», «Өлкетану») тақырыптарын өз бетіндік негізінде, факультативті зерттеу.
  4. Өндірістегі жетекші мамандарды оқытушыларды-пән жүргізушілерді және тәлімгерлерді өндірістен дуалды оқыту жағдайларында болашақ мамандарды даярлау процесінде тәрбие беру жұмысын жүргізуге қатыстыру (5 жұмысшы мамандығы орталығында және ҚарМТУ базасында «Корпоративті Университет» консорциумы мүшелерінің — өнеркәсіптік компаниялардың өндірістік учаскелерінде шығарушы кафедралардың 60 филиалында).
  5. Студент жастарға өндірістік ұжымдар мен еңбекші әулеттерінің жетістіктерін зерттеу, ҚарМТУ түлектері мен ғалымдарының өңірді инновациялық дамытуға қосқан үлесі негізінде патриоттық тәрбие беру.
  6. Университет оқытушылары мен студенттер арасында тиімді насихаттау арқылы діни сауаттылықтарын арттыру.
  7. ҚарМТУ «Жас Орда» қауымдастығының құрылымын жаңарту арқылы студенттік өзін-өзі басқару тиімділігін арттыру.

Инновациялық тәрбие беру саясаты тұжырымдамасының шеңберінде  кураторлық сағаттардың тақырыптары қайта қаралды және 2, 3, 4-семестрлердің тақырыптары жаңартылды («Әлемдік даму трендтері», «Қазақстан индустриясының инновациялық дамуы» және «Көрнекті инженерлердің елді индустрияландыруға қосқан үлесі»), жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қабылдануына байланысты 1,6,7 семестр тақырыптарына ішінара өзгерістер енгізілді.

Жаңа инновациялық тәрбие беру саясаты тұжырымдамасы 2-ші, 4-ші курс студенттерінде, жеке алғанда – «Серпін – 2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге сынамаланады.

Осы саясатты жүзеге асыру үшін «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» өзектендірілген Патриоттық тәрбие беру моделі бойынша кураторлық сағаттардың Күнтізбелік жоспары жүзеге асырылды.

«Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру Моделін жүзеге асыру бойынша ғылыми-әдістемелік кешенді құрайды:

4 томдық «Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық маңызды бастамаларының жылнамасы» / Жалпы редакцияны басқарған ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев;   

7 томдық «Тұңғыш Президент үлгісіндегі имиджелогия негіздері» / Жалпы редакцияны басқарған ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев;   

6 монография;

Академиялық топ кураторларына әдістемелік нұсқаулықтар – 20;

176 брошюралар топтамасы:

«Қазақстанның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалар» — 28;

«Өркениеттің дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалар» — 34;

«Әлемдік даму трендтері» — 30;

«Қазақстан индустриясын инновациялық дамыту» — 30;

«Көрнекті инженерлердің елімізді индустрияландыруға қосқан үлесі» — 30;

«Қазақстандық құқық негіздері» және «Салалардың экологиялық проблемалары» — 24;

Танымал тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің және Елбасы үзеңгілестерінің видео-дәрістері – 12;

Құқықтық тәрбие және СӨС туралы – 18 видеофильм;

10 көркем және оқу фильмдері;

9 куратор сағаттарының шеберлік сағаттары.

27 мамыр 2016 жылы «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру Моделінің ғылыми-әдістемелік кешені «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ және «Назарбаев Университет» АОҚ сыйға тартылды.

 Серіктестер Қазақстан Рсепубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы

Сулейменов Т.С.

ҚР Тұңғыш сыртқы іштер министрі

Толеубаев Е. И.

КарМетКомбинат ветераны, Теміртау қ. құрметті азаматы;

Сарекенов К. З.

Д.Әбішев атындағы Химия-мтеаллургиялық инвститутының бас ғылыми қызметкері;

Омашев К. О.

ҚР құрметті металлургы, Теміртау қ. құрметті азаматы;

Никонов В. А.

КарМетКомбинат ветераны, Теміртау қ. құрметті азаматы.

Салауатты өмір салты,

Қышыма;

Тұмау және ЖРВИ профилактикасы;

Туберкулёз профилактикасы;

Гепатит А профилактикасы;

Педикулёз профилактикасы;

Темекі тарту зияны туралы;

СӨС;

ЭМӨ-ның адам ағзасына әсері туралы.

Ұлы Отан соғысы ветерандардың естеліктерінде,

ҰОС ветераны Ткаченко В. С

Жаңа Қазақстандық Патриотизмін Қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Моделі бойынша дидактикалық материалдар;

ҰОС ветераны Пономарёва С.Г.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмін Қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Моделі бойынша дидактикалық материалдар;

ҰОС ветераны Падияров И. К

Жаңа Қазақстандық Патриотизмін Қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Моделі бойынша дидактикалық материалдар;

ҰОС ветераны Дюсембеков К.Ж.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмін Қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Моделі бойынша дидактикалық материалдар;

Тыл еңбеккері Дьякова Н. Г.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмін Қалыптастыру» патриоттық тәрбиелеу Моделі бойынша дидактикалық материалдар;

Факультативте оқыту үшін

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 1 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 2 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 3 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 4 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 5 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 6 семестр

Семестрлік жинақтар бойынша слайдтар 7 семестр

1к

2к

3к

4к

5к

6к

7к

огольцова тлеугоб на каз

100 шагов

Сулейменова

Нурлигенова

Абай

Екатерина 2

Нов. обложки каз.2

Нов. обложки каз.4

Нов. обложки каз.5

Нов. обложки каз.6

Нов. обложки каз.7

Нов. обложки каз.8

Нов. обложки каз.9

Нов. обложки каз.10

Нов. обложки каз.11

Нов. обложки каз.12

Нов. обложки каз.13

Нов. обложки каз.14

Нов. обложки каз.15

Нов. обложки каз.16

Нов. обложки каз.17

Нов. обложки каз.18

Нов. обложки каз.19

Нов. обложки каз.20

Нов. обложки каз.21

Нов. обложки каз.22

Нов. обложки каз.23

Нов. обложки каз.24

Нов. обложки каз.25

Нов. обложки каз.26

Нов. обложки каз.27

Нов. обложки каз.28

Нов. обложки каз.29

Шыңғыс хан

Без рубрики