Қызметкерлері


 

  

 

Шарипов Ниль Халяфович  Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к , проф.

 Мәскеу тау-кен институтын бітірген. Газ шығуын және көмiр қатпарларының атылуын төмендету әдiстерiн дайындап, енгізгені үшін КӘОР Кеңес Министрлерінің және Академик А.А. Скочинский сыйлығының лауреаты. «За трудовую доблесть», III и II дәрежелі «Шахтерская Слава», «Ветеран труда», «20 лет Победы над Фашистской Германией», «Изобретатель СССР», ХШЖК медальдарымен марапатталған. 150-н астам баспа еңбектерінің авторы, оның ішінде 8-оқу құралы, 3 — монография, 32 – авторлық куәлік пен патенттері бар. Қарағанды облысының әкімдігі аясындағы «Қарағанды су алабының көмiр қатпарларындағы метан» бағдарламасының басқарушысы, ҚР индустрия министрлiгiнде және жаңа технологиялар аясындағы «Метан» бағдарламасы бойынша мекеме аралық комиссияның мүшесi; Қарағанды облысының әкімдігі аясындағы бұзылған жер жаңа технологиялары бойынша аймақтық комиссия мүшесі.

 

                                                                

 

 Харьковский Виктор Сергеевич профессор, т.ғ.к

 1961 г. ҚарПТИ бітірген. Нью-Йорк Академиясының Ғылымдар Академиясы және Экология және Қауіпсіздік Халықаралық Ғылымдар Академиясының Академигі. 20 ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 – монография, 8 – оқу құралдары мен оқулықтары, 10 – патент бар. 5 техника ғылымдарының кандидатын дайындап, шығарған. «Техникалық жүйелердің сенімділігі», «Өндіріс үдерістерінің қауіпсіздіктері», «Тәуекелділікті басқару» пәндері бойынша дәріс оқиды

 

 

 

  

 

Левицкий Жорж Георгиевич профессор, т.ғ.д.

 1965 ж. ҚарПТИ бітірген. ҚарМТУ-да 40 жылдан артық жұмыс істейді. 2007 ж. – «Адам әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша ЖАК профессоры. 85 ғылыми жұмыстардың авторы, сонымен бірге 2 монографиясы, 1 өнеркәсіптік аэрология бойынша оқулығы, 2 өнертабысы бар. «Тау-кен өнеркәсіптерінің аэрологиясы», «Өнеркәсіптік желдету» пәндері бойынша дәріс береді. 3 техника ғылымдарының кандидатын дайындап шығарды

 

 

 

 

 

 

Смагулов Меркеш Нургалиевич аға оқытушы

1960 ж. «Пайдалы кен қазбаларының орындарын әзірлеу» мамандығы бойынша ҚарПТИ бітірген. 42 баспа жұмыстары, 2 авторлық куәлігі бар. Апаттық-құтқару жұмыстары», «Инженерлік жүйелер, желілер және құралдары», «Өрт тактикасы», «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау» пәндері бойынша дәріс береді.

 

 

 

 

 

  

 

Акимбекова Нурия Нуретдиновна доцент, т.ғ.д

 1986 ж. «Инженер-технолог» мамандығы бойынша Мәскеу полиграфиялық институтын аяқтаған. 2005 ж. кандидаттық диссертаця қорғаған. 2007 ж. – ЖАК доценті. 30 ғылыми еңбектердің авторы. Халықаралық менеджмент институтында «Менеджмент» бағдарламасы бойынша оқыған. «Еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша дәріс оқиды

 

 

 

 

 

 

                                                               

 

 Аманжолов Журсын Канапиевич т.ғ.д , профессор

 1973 ж. «Тау-кен өнеркәсiптiң экономикасы» мамандығы бойынша ҚарПТИ-ді бітірген. 2 оқулығы, 4 оқу құралы, 30 астам мақалалары, 45 астам әдістемелік жұмыстары жарыққа шыққан. БМСТ және 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының  бір үлгіде оқу бағдарламасының авторы, кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы бөлімшелерді ұйымдастыру бойынша жауапты. «Техникалық сараптамалар негізі», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері», «Еңбекті қорғау», «ТЖ салдарын экономикалық бағалау» пәндері бойынша дәріс оқиды.

 

 

 

 

   

 

Ахметова Алма Жолдыбаевна аға оқытушы, м.ғ.к

 1991 ж. «Емдеу жұмыстары» мамандығын бойынша ҚММИ аяқтаған. 3 оқу құралының авторы, 30 астам ғылыми жұмыстары жарияланған. «Еңбек гигиенасы мен кәсіби ауырулар ұлттық орталығы» бөлімшесіне жауапты, «Өндірістік санитария» ғылыми үйірмесінің жетекшісі. «Адам анатомисы мен физиологиясы», «Өндірістік санитария», «Жас физиология және мектеп гигиенасы» пәндері бойынша дәріс оқиды.

 

 

 

 

 

 

Байтуганова Мира Олжатаевна  аға оқытушы 

 2001 ж. «Тау-кен өнеркәсібімен геология менеджменті және экономикасы» мамандығы бойынша 2008 ж., «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша ҚарМТУ бітірген. 4 оқу құралының авторы, соның 3-і мемлекеттік тілде, 20 астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары бар. Кафедраның МСЖ жауап береді. «Техникалық сараптамалар негізі», «Еңбекті қорғау», «ТЖ салдарын экономикалық бағалау» пәндері бойынша мемлекеттік тілде дәріс оқиды.

 

 

 

 Балабас Лидия Хизировна аға оқытушы , т.ғ.к

 1984 ж. «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша ҚарПТИ-ді бітірген. 2010 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады. 30 астам ғылыми мақалалар мен тезистардың, баяндамалардың авторы, 1 оқу құралы, 1 оқулық, 2 патент, 10 электрондық оқулықтары, 10 астам әдістемелік көрсеткіштері бар.

 

 

 

 

 Вологдин Иван Михайлович  аға оқытушы

 1975 ж. ҚММИ санитарлық-гигиеналық факультетін аяқтаған. 2002 ж. бастап ҚарМТУ жұмыс істейді. «Өндірістік санитария», «Еңбекті қорғау», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері», пәндері бойынша тәжірбиелік жұмыстар мен дәрістер өткізеді.

 

 

 

 

 

Демина Татьяна Владимировна аға оқытушы, т.ғ.к

  2003 ж. «Эргономика және еңбекті қорғау» мамандығы бойынша ҚарМТУ бітірген. 50 астам ғылыми еңбектері, 5 монографиясы, 12 инновациялық патенттері бар. 2007 ж. «Жас ғылыми маман» атағы бойынша Қарағанды облысының әкімінің грамотасымен марапатталды. Кафедрада магистратураға жауап береді. «Еңбекті қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі», «Еңбек қауіпсіздігін инженерлік қамтамасыз ету», «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздері» пәндері бойынша дәріс оқиды

 

 

 

 

  

 Ералин Арстан Нукашевич аға оқытушы

 1972 ж. Ленинградтың кеме жасау институтын бітірген. 100 астам ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары бар

 

Без рубрики