Қызметкерлер


 

 

Куликов Виталий Юрьевич

Кафедра меңгерушісі,
т.ғ.к., доцент

        1998 жылы «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ үздік аяқтады. 200 ғылыми еңбек, оның ішінде 20 патент, 3 монография авторы. МАИН корреспондент -мүшесі. «2008 жылы ЖОО үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының лауреаты.  Жас және дарынды ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендия иегері.

Исагулов Аристотель Зейнуллинович

т.ғ.д., профессор

          1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын үздік бітірді. Исагулов А.З. 676 ғылыми еңбек, оның ішінде 120 патент, 16 монография, 15 оқулық, 65 оқу құралы жарияланды. 3 доктор, 18 ғылым кандидатын, 1 PhD, 42 магистрді дайындады. КазНАЕН, МАИН, АН ВШК академигі. Исагулов А.З. –Қазақстан комсомолының Ленин премиясының лауреаты, КСРО өнертапқышы, Қарағанды облысының үздік өнертапқышы. ВДНХ КСРО алтын, күміс және қола медалдарымен және  «Почетный работник образования» белгісімен Қазақстан ВДНХ 1 дәрежелі дипломымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Ы. Алтынсарин» медалімен, «За заслуги в науке РК» белгісімен,  «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ең үздік оқулық үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен марапатталды.  «Ғылым мақтанышы» номинациясында «Замандас»  конкурсында лауреат атанды және «20 лет Независимости РК» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының ғылымы  мен техникасының дамуына үлесін қосқан ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.

Толымбеков Манат Жаксыбергенович

т.ғ.д., профессор, РҚ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

ҚР БҒМ кореспондент мүшесі. ҚР РГП НЦ КПМС Ж. Абишев ат. ХМИ директоры. «Металлургия» НМПО бас директоры.

Макашева Астра

Макашева Астра Мундуковна

т.ғ.к., профессор

ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 200 астам ғылыми басылымдардың авторы.

Ким

Ким Александр Сергеевич

т.ғ.к., аға оқытушы

         ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Манжурин Иван Петрович

т.ғ.к., доцент

         1965 жылы «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша ҚарПТИ үздік аяқтады. МАИН корреспондент- мүшесі. 120 астам ғылыми еңбек және 15 оқытудың электронды техникалық құралдарының авторы. «Отличник образования СССР», «Отличник образования РК» белгісімен «Ветеран труда» медалімен марапатталған.

Исин Даулет Калыкович

т.ғ.к., доцент

         1966 жылы «Қара және түсті металдар құю өндірісі» мамандығы бойынша ҚарМТУ аяқтады. Ақпараттандырудың Халықаралық академиясының академигі. Төрт жыл бойы Аннабинск университетінде (Алжир) студенттерге француз тілінде дәріс оқыды. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының екі мәрте иегері. 20 оқулық авторы, оқу құралын дайындағаны үшін А. Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған.

 

Жукебаева Тулеша Жукебаевна

т.ғ.к., доцент

           1963 жылы «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша ҚПТИ аяқтады. 100 оқу –әдістемелік және ғылыми еңбектер жинақтарының авторы. «Ерен еңбегі үшін» (1976 ж.), «Еңбек ардагері» (1995 г.) медальдарымен, ҚР БҒМ, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Кипнис Лев Семёнович

т.ғ.к., доцент

         1960 ж. Одесск политехникеалық институтын «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы»  мамандығы бойынша аяқтады. ҚарМТУ –де 1964 жылдан еңбек етіп келеді. 100 астам ғылыми әдістемелік және өнертабыс авторы.

Коннуникова Светлана Гавриловна

т.ғ.к., доцент

        1966 ж. Қарағанды политехникалық институтын (ҚПТИ) «Қара және түсті металдарды құю өндірісі» мамандығы бойынша аяқтады.  1975 жылы осы институтта «Қара және түсті металдарды құю өндірісі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаумен аспирантураны ойдағыдай аяқтады. 90 –нан астам ғылыми еңбектері мен оқу –әдістемелік жұмыстардың авторы болып табылады.

 

Дахно Лариса Антоновна

т.ғ.к., доцент

         1968 жылы «Металлургиялық процестерді физика –химиялық зерттеу» мамандығы бойынша Днепропетровск металлургиялық институтын бітірді. 1976 жылы аталмыш институтта «Металтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаумен аспирантураны тәмамдады. 170 –тен астам ғылыми және оқу –әдістемелік еңбектердің авторы.

 

Квон Светлана Сергеевна

т.ғ.к., доцент

          Болаттар мен қорытпалар Мәскеу институтында «Металлургиялық процестерді физика –химиялық зерттеу» мамандығы бойынша білім алды. «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғаумен аспирантураны ойдағыдай аяқтады. 90 –нан астам ғылыми еңбектері мен оқу –әдістемелік жұмыстардың авторы. Ecole des Mines (Франция) ғылыми сынақ ісінен өтті.

 

Ашкеев Жасулан Аманжолович

т.ғ.к., доцент

«Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша ҚарМК жанындағы Завод-ЖТОО-ның 1990 жылы аяқтады. Осы институттың «Қатты деформацияланатын дененің механикасы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын табысты қорғап, аспирантураны бітірді. 100-ге жуық ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен авторлық куәліктерінің авторы.

Султамурат Гульмира Изатуллакызы

т.ғ.к., доцент

         1993 жылы «Қара және түсті металдарды құю өндірісі» мамандығы бойынша КарМетИ аяқтады. 55 ғылыми және ғылыми –әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 12 ӘН мемлекеттік тілде. Бірлескен авторлықтың ішінде мамандандырылдған «Металтану және металдарды қысыммен өңдеу бойынша терминдердің орысша –қазақша сөздігі». Облыстың қоғамдық –саяси өміріне қатысқан және жаңа қазақстан қоғамының құрылу ісіне шығармашылық үлесін қосқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрметті грамотасымен марапатталды.

 

Боранбаева

Боранбаева Багдат Мекетаевна

т.ғ.к., доцент

Твердохлебов Николай Иванович,аға оқытушы,ТОО «КМЗ ат. Пархоменко» директор менг.

«Пархоменко ат. ҚМЗ» ЖШС бас конструкторы. Ғылыми зерттеулер аясы «Газдалушы үлгілер бойынша құю».

Саркенов Берик Бейсенович

т.ғ.к., аға оқытушы

         1983 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қатты дене физикасы» мамандығы бойынша аяқтады.  ҚР ХМИ НАН аспирантурасында оқыды. 25 ғылыми еңбек, оның ішінде 1 монография авторы. ҚР БҒМ және ҚР МИНТ  екі гранттық ғылыми жобаның орындаушысы.

IMG_3597 Набоко Елена Петровна

т.ғ.к., аға оқытушы

Техника ғылымдарының кандидаты. 1994 жылы Қарағанды металлургиялық институтының «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша күндізгі бөлімін бітірді. 2004 жылы «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша  «Айналатын қабатты шахталы агрегатта концентраттар мен ұсақ кендерді металдау технологиясын өңдеу» тақырыбында техникалық ғылымдардың докторы, профессор С.М. Тлеугабуловтың жетекшілігімен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми деңгейін алу үшін диссертациясын қорғады.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыты: «Энергия үнемдегіш технологиялар». 70 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары бар.

Малашкевичуте Елена Иозасовна

аға оқытушы, магистр

           1989 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденінің политехникалық институтын «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша аяқтады.  2007 жылы «Машина жасау» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады. Бірлескен авторлықта 45 ғылыми және ғылыми –әдістемелік еңбектері бар.

Шарый Владимир Ильич

аға оқытушы

          1977 жылы «Қара және түсті металдарды құю өндірісі» мамандығы бойынша ҚарПТИ аяқтады. 40 астам ғылыми және әдістемелік еңбектер авторы.

Буканов Жанат Умиртаевич

аға оқытушы, магистр

1995 жылы «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын тәмамдады. 2007 жылы «Металлургия» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алумен магистратураны үздік бітірді. 30 ғылыми еңбектері мен 5 әдістемелік нұсқаулары бар.

                          Тулегенова Шолпан Ныгметовна

аға оқытушы, магистр

        1988 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы, металл кесуші станоктар және құралдар» мамандығы бойынша бітірді, 2012 жылы «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураны ойдағыдай аяқтады. 45 ғылыми жұмыс және 2 патенті бар.

                             Медведева Ирина Евгеньевна

аға оқытушы

        1983 жылы «Құю өндірісі» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын аяқтады.  Алматы қаласында АЗТМ зауытында, Қарағанды қаласында Машзавод №1 зауытында технолог болып жұмыс атқарды. 2003 жылдан бастап ММ және Н кафедрасында оқытушы болып еңбек етіп келеді. 40 ғылыми еңбек, оның ішінде 3 патент авторы.

Лисицкая Светлана Ивановна

аға оқытушы

                         Юдакова Валерия Александровна

Докторант

         1995 жылы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша политехникалық институтты бітірді, 2005 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2008 ж. бұл мамандық бойынша  магистратураға түсті. қазіргі уақытта ММжәне Н кафедрасының  докторанты. 40 ғылыми еңбектері, оның ішінде 6 патенті бар.

Айткенов Нурбек Болатович

аға оқытушы, магистр

          2005 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірді, 2009 жылы 6N0608 — «Экология» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Бірнеше оқу құралдарының, электронды оқулықтардың, әдістемелік нұсқалардың авторы.

Платонова Елена Сергеевна

аға оқытушы, докторант

         1991 жылы «Металтану, металдарды термиялық өңдеу технологиясы мен жабдығы» мамандығы бойынша инженер –металлург академиялық дәрежесін алумен ҚазПТИ аяқтады. 2012 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алумен магистратураны аяқтады. Қазіргі уақытта «Машина жасау» мамандығы бойынша докторантурада оқиды.

                           Сидорина Елена Анатольевна

аға оқытушы, магистр

          2001 жылы «Құрылыс конструкциясының өндірісі» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтады,  2009 жылы 050710 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2011 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша  магистратураға түсті. Оқулықтары, электронды оқулықтары, әдістемелік нұсқаулары бар.

 

Азбанбаев Эльдар Муратович

аға оқытушы, докторант

2011 жылы Қарағандв мемлекеттік индустриалды университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. Екатеринбург қ. (Ресей) Орал Федералды университетінің халықаралық ғылыми –практикалық конференциясында үздік жұмысы бірінші орын иегері. 2012 жылы ҚарМТУ PhD докторантураға түсті.  15 ғылыми еңбек, оның ішінде бір патент авторы. Erasmus Mundus Action 2 ARCADE халықаралық бағдарламасының стипендиаты. Турин қ. (Италия)  Турин политехникалық университетінде сынақ ісінен өтті.

 

Исагулова Диана Аристотелевна

аға оқытушы, магистр

                             Щербакова Елена Петровна

Докторант

         2007 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетті үздік бітірді. 2010 жылы бұл мамандық бойынша магистратураны аяқтады, қазіргі уақытта ММжәне Н кафедрасының  докторанты. 40 ғылыми еңбектері, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралы, 6 патенті бар.

DSC_2001

Жолдубаева Жумагуль Дюсенбаевна,

 докторант

         2007 жылы «Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ аяқтаған. Осы мамандық бойынша 2009 жылы үздік бағамен магистратураны бітірген. 2011 жылы «Металлургия» мамандығына докторантураға оқуға түсті. Қазіргі уақытта ҚарМТУ докторанты, сонымен бірге 30 ғылыми еңбектерінің, оның ішінде 3 патенттің, 4 оқу құралының авторы.

Каракеева Гульжан Ермековна

Сиргетаева Гульжан Ермековна

Докторант

Кусжанова Алтынай Абылкасовна

Докторант

        2009 жылы «050710 Материалтану және ЖМТ» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді.  2012 жылы бұл мамандық бойынша магистратураны аяқтады, 20 ғылыми еңбектері бар. 2011 жылы наурыз айында «Education without borders 2011» халықаралық конференцияға қатысты, 2011 жылдың маусым айында «Прага Даму орталығында» сынақ ісінен өтті.

Досимбекова Айгуль Калдыбаевна

Оқу мастері

         Оқу шебері. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетін бітірді. 2007 жылы екінші жоғарғы білімді «Қазтұтынуқоғамы» Қарағанды экономикалық университетінің екінші жоғарғы білім алды. 2007 жылдан бастап  кафедраның оқу шебері.

 DSC_1996

Шанышкулбаева Жанара Кенжегараевна

 Аға  лаборант

2006 жылы «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша Қазақстан –Ресей университетін бітірді.  2011 жылы 5В070900 «Металлургия» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2009 жылдан бастап кафедрада лаборант, 2012 жылы және қазіргі уақытта аға лаборант болып қызмет атқарады.

Ковалёва Татьяна Викторовна

аға оқытушы, магистр

         2010 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ үздік бітірді. 20 ғылыми жұмыстары бар, оның ішінде бір монография (бірлескен авторлық), өнертабысқа үш патент.

Жасулан фото Атамбаев Жасулан Нурбаевич

аға оқытушы

2000 жылы «Құю өндірісінің технологиясы және машиналары» мамандығы бойынша ҚарМТУ бітірді. 2001 жылдан бастап ҚарМТУ «ММ және Н» кафедарасының ассистенті, 2006 жылдан бастап мынандай пәндерден дәрістер жүргізеді: «Материалдардың механикалық қасиеттері», «Кристаллография және кристалл торлардың ақаулары». 30 дан артық ғылыми және әдістемелік жұмыстың авторы.

Манжурина Наталья Константиновна

Лаборант

          1966 жылы 1966 жылдан және қазіргі уақытқа дейін  «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасында лаборант лауазымында жұмыс істейді.

1DSC_1980                          Бахриденова Диана Бекболатовна

Ассистент, магистр

         2010 жылы «Металлургия» мамандығы бойынша ҚМИУ үздік аяқтады. 3 еңбек авторы.

IMG_5486 Айтбаев Нурлан Берикулы

Ассистент, магистр

Мен, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетіне  2007 жылы 5В070900 «Металлургия» мамандығына түсіп 2011 жылы үздік дипломмен бітіріп, сол жылы магистратураға түсіп 2013 жылы бітіріп техника ғылымының магистрі атандым, 10ғылыми еңбектің авторымен. Сондай-ақ екінші жоғарғы білім алдым 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавры   мамандығы бойынша . 17.04.2012ж. және 28.04.2012ж. аралығында Ресей мемлектеті Екатеринбург қаласы «УрО РАН» институтынан ғылыми тәжірбиеден өтіп келдік.

Без рубрики