Қызметкерлер


Амиров Азамат Жанбулатович Кафедра меңгерушісі

Амиров Азамат Жанбулатович 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Ph.D Докторы (2010). Жұмыс өтілі 10 жыл шамасында. 2013 жылдың қазан айынан бастап АЖ кафедрасының меңгерушісі. 30-дан астам еңбектердің авторы, оның ішінде 2 оқу құралы және 1 авторлық құқықтың нысанына мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі

Баймульдин Баймульдин Мурат Каирович

Баймульдин Мурат Каирович, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтын үздік дипломмен «Тау-кен инженер-құрылысшысы» квалификациясына ие болып тәмамдаған. Жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақыт. 2009-2013 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің авторы, соның ішінде 5 оқу құралы және 37 авторлық куәлік өнертабысы.

Марс Омар Марс Танзилович

Омар Марс Танзилович, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы. 1960 жылы «Өнеркәсіптік кәсіпорын және орнату электрификациясы» мамандығы бойынша Иванов энергия институтын бітірді. 1975 жылдан бастап «Өндірістік процесстерді автоматтандыру» мамандығы бойынша ТҒК. КОМЛОГИЯ құрастырушысы, MOOR (мемл. тілде (латынша)) бағдарламалау тілінің авторы.

Салмов Салмов Владимир Николаевич

Салмов Владимир Николаевич, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы. 1972 жылы 0701 «Радиотехника» мамандығы бойынша Новосибирск электротехникалық институтын аяқтады. 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Магистранттардың басқарушысы болып табылады.

смагулова Смагулова Асемгуль Сериковна

АЖ кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Смагулова Асемгуль Сериковна 2001 жылы «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. Педагогикалық тәжірибесі – 13 жыл. «Компьютерлік желілер» пәні бойынша мемлекеттік тілде жазылған оқу құралдары мен ЭОҚ авторы болып табылады.

Абилдаева Абилдаева Гульнур Балтабаевна

АЖ кафедрасының аға оқытушысы Абилдаева Гулнур Балтабаевна 2001 жылы «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. Педагогикалық тәжірибесі – 9 жыл. Кафедрада 1.09.2011 жылдан бастап қызмет етеді. «Дискреттік математика», «АЖ негіздері», «web-технолггиялар» пәндері бойынша мемлекеттік тілде жазылған оқу құралдары мен ЭОҚ авторы болып табылады.

зайцева Зайцева Стелла Вячеславовна

Зайцева С.В. 1985 ж. Қарағанды политехникалық институтын “Ақпаратты өңдеу және ұсыну үрдістерін механизациялау мен автоматизациялау”, 1996 ж. – 051310 “Әлеуметтік және экономикалық жүйелерді басқару” мамандығының аспирантурасын бойынша сәтті тәмәмдаған, ЖОО оқытушы қызметін 1990 жылдан бастап атқаруда. Зайцева С.В. 12 электронды оқулық авторы, оның 9-ы интеллектуалды меншіктің мемлекеттік тіркелуі жайлы куәлікке ие, сонымен қатар 6 баспа жұмыстары бар. Кафедрада атқаратын міндеттері келесі: “Ақпараттық жүйелер”, “Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтама” мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге сабақ жүргізу, оқылатын дәріс пәндері бойынша оөу-әдістемелік кешендер құру, келісімшартты және бюджетті ҒЗЖ орындалуына үлес қосу, тәрбиелік жұмыс. “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының профбейімделу жұмыстарына жауапты.

клюева Клюева Елена Георгиевна

АЖ кафедрасының оқытушысы Клюева Елена Георгиевна 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «ЕТ және БҚ» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2011 жылы екідипломды білім алу бағдарламасы Double Degree бойынша ҚарМТУ мен Томск политехникалық университетінде магистрлік дисссертациясын сәтті қорғады. Кафедрада 3,5 жыл қызмет етеді.

кремер Кремер Ольга Вадимовна

Кремер Ольга Вадимовна, аға оқытушы, 2001 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетінде білім алып шыққан. 2007 жылы «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника жүйелері университетін, ал 2009 жылы «Есептеуіш техника» мамандығы бойынша (ҚарМТУ) магистратураны сәтті тәмәмдаған. Оқытушы қызметін 2003 жылда бастаған. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика», «Компьютерлік модельдеу», «Дискреттік математика», «Оптимизациялаудың математикалық әдістері» пәндерін жүргізіп, «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» мен «Оптимизациялаудың математикалық әдістері» пәндеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазуға қатысқан.

кудышева Кудышева Гульзада Онайбековна

Кудышева Гульзада Онайбековна, аға оқытушы. 1975 жылы ҚарПТИ «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша тәмәмдаған. ҚарМТУ-де 1995 жылдан бастап қызмет атқарады. «Ақпараттық жүйелер» мен «Информатика» кафедрасының пәндері бойынша мемлекеттік тілде жазылған оқу құралдары мен ЭОБ авторы. Ғылыми журналдар мен топтамаларда мақалалары бар.

мартыненко Мартыненко Ольга Владимировна

Мартыненко Ольга Владимировна, аға оқытушы, 2001 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математикалық факультетін тәмәмдап, 2004 жылы «Ақпаратты өңдеу мен басқарудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Томск мемлекеттік ақпаратты өңдеу жүйелері мен радиоэлектроника университетінде білім алған. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтама» мамандығы бойынша магистратурасын сәтті бітірген. 2002 жылдан бері оқытушы қызметін атқарады. «Компьютерлік модельдеу» пәні бойынша 1 оқулық құрастыруға қатысқан. «Ықтималдылықтар теориясы және математикалық статистика», «Компьютерлік модельдеу», «Дискреттік математика», «Объектілі бейімделген бағдарламалау» пәндерін жүргізген. Зертханалық жұмыстар мен курстық жобаларды орындауға нұсқаулықтар мен «Жүйелерді модельдеу», «Дискреттік математика» және «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» пәндерінен тесттік сұрақтар құрастыруға қатысқан.

солодовникова Солодовникова Ирина Валентиновна

Аға оқытушы Солодовникова Ирина Валентиновна (1987 жылы ҚПТИ-ын «Ақпаратты өңдеу және беру процесстерін автоматтандыру және механизациялау» мамандығы бойынша бітірген). 05.13.10 «Әлеуметтік және экономикалық жүйелерде басқару» мамандығы бойынша аспирантурасын тәмәмдаған. Негізгі пәндері бойынша дәрістер жүргізеді: «Алгоритмдеу, мәліметтер құрылымы және программалау», «Объектілі-бағытталған программалау», «Программалау технологиялары», «JAVA бағдарламалау тілі», «БҚЕ верификациялау, стандарттау және сертификаттау», «Үлестірілген ақпараттық жүйелер».

шакирова Шакирова Юлия Каримовна

Шакирова Юлия Каримовна – 2004 жылы «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша ҚарМТУ тәмәмдаған, инженер-жүйетехник, есептеуіш техника мен бағдарламалық қамтама магистрі, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы. Еңбектері ғылыми журналдар мен топтамаларда жарық көрген.

10

Сагатбекова Марал Карихановна

Сагатбекова Марал Карихановна, оқытушы. 2008 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады. 2013 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурасын бітірді. 2011 жылдан бастап кафедрада қызмет атқаруда. Сайттың өңделуіне жауапты. Еңбектері ғылыми журналдар мен топтамаларда жарық көрген.

Без рубрики