14 маусым күні Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «XVI Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы одан әрі жалғасты.
Мұның алдында басталған секциялық отырыстар түстен кейін 13 бағыт бойынша өтті. Бұл бағыттардың тақырыбы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жаңғыруының стратегиялық бағыттары немесе ХХІ ғасырдың қалыптасуы сияқты жалпы мәселелерден бастап белгілі бір саламен шектелетін геотехнологиялардың немесе биотехнологияның өзекті мәселелеріне дейінгі жайлардың кең ауқымын қамтыды.
Бағыттардың көп бейінділігі техникалық мамандықтардың кең спектрін ұсынатын университеттің ерекшелігімен байланысты, ал мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура және РһD докторантураның өзекті білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Айта кету керек, біздің университет қазіргі уақытта QS World University Rankings-тің ең беделді әлемдік рейтингтерінің бірінде 801+ орын алады.
Секциялық отырыстар аяқталғаннан кейін, күткендегідей, пленарлық отырыстан кем емес қызықты сәт – конференцияның қорытындысы шығарылды. Конференцияға белсене қатысушылардың үлкен тобы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректордың грамоталарымен марапатталды.